Өлең, жыр, ақындар

Сезбейтін-ді жан адам

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 586
Сезбейтін-ді жан адам,
Тұратын-ды терезелер сырласып,
Қарсы үйдегі сұлу қыз бен жан ағам,
Қарасатын ұрласып.
Тасып хаттың бар жасын
Екі араға қатынайтын кемемін.
Жалақысыз еңбек еткен екеуге,
Почтальоны мен едім.
Ат қып мініп қамысты,
Сыр тасимын әдетіммен күндегі.
Екі үйдегі қос махаббат оянып,
Мен арқылы гүлдеді.
Жеңгелі боп тұңғыш мен,
Жаңа есім «шырақ» деген атты алдым.
Өтеу үшін келдім дейді парызын
Сен тасыған хаттардың.
Жеңешемнің әзілін
Көңіліме ұялайтын сыр білдім,
Бұлақ үнді мөлдіреген наз үнін
Жүрегіме тұндырдым.
Жігіттерден жаситын,
Кешегі қыз сылаң қаққан бұрымды,
Менің енді хаттарымды таситын
Дүниеге алып келді бір ұлды!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Поэзия падишасы

  • 0
  • 0

Құдірет жоқ ғаламнан,
Бұл өмірдің бәрі арман,
Поэзия падишасы – лирика,
Құмнан, жерден жаралған!

Толық

Күтпеген қонағыма сыр

  • 0
  • 0

Тойы көп тылсым дүние ойды ұрлаған,
Тегін сый сыбағасын қойдырмаған.
Содан ба сынай келген конағымдай,
Отызым, отыз сауал қойдың маған.

Толық

Ассалаумағалейкүм, жаңа Астанам

  • 0
  • 0

Бет алған Астанаға жол басы деп,
Ақмолаға келгенім алғаш рет.
Сақтаймын деп ордалы кіндік жұртын,
Қазағым тартқан талай сан қасірет.

Толық

Қарап көріңіз