Өлең, жыр, ақындар

Әкеммен қоштасу

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 583
Әкем Нағашыбай Сарыұлына

Алқа-қотан отырмыз дөңгеленіп,
Арыстай әкем жатқан төрге келіп.
Бейнетпен көз ашса да дәл осылай,
Өмірде шаршағанын көрмеп едік.
Кеудесі алас ұрған демі қатты,
Көмейге кілкіп ойлар келіп жатты,
Әкемнің соңғы сөзін тыңдау үшін,
Тек үнсіз көз жасымыз еріп жатты.
– Үлгергенше... айтайын... тілегімді...
М-мм... әйел-ай!.. сәл көтерші... иегімді...
Ауылға... алып бару... қиын болар...
Қалаға... қойған дұрыс... сүйегімді...
Бұл тәңір... айтқаныңды... қылғыза ма?..
Ауыл барсам... құлпытас... тұрғыза ма?..
Молама... бару қиын... болар кейін...
Тірі мойнын... тіршілік... бұрғыза ма?..
Үзіп-үзіп сөйледі қажып атып:
– Кеудемді... жегідей жеп... азынатып...
Тырнақтың... ұшында тұр... жаны құрғыр.
Айта берсем... сөзім көп... аз уақыт...
Ақырғы... сөзімді енді... естіремін...
Жанымда... отырсыңдар... бес тірегім...
Сендерге... сыйлай-тұғын... бес мұрам бар.
Бес мұрам... айта-тұғын... бес тілегім...
Тәңірге... сенім жоқ қой... жазғанды қой...
Кеудеме... талай ерке... наз барды ғой...
Шешелерің... алсыншы... сағатымды...
Уақыты... мұның да... аз қалды ғой...
Менен кейін... өзіңе... төрі тұрды...
Келтіріп... бұл фәниде... көрікімді...
Киелі... болмаса да... киелі етіп...
Үлкен ұлым... киерсің... бөрікімді...
Ойлайтын... бүгінімді... ертеңімді...
Өзіме... тартқан ұлым... ер кеуілді...
Белді бекем... буынып... шығу үшін...
Ортаншыма... мұра етем... белбеуімді...
Кейде ес кіріп, кейде әкем талып жатты.
Қол-аяғы өрт болып жанып жатты.
Үйлі болар... кездесін... үлкендерім...
Кіші ұлыма... енші етем... шаңырақты...
Уһ!!! Қымбат емір... несіне... жасырайын...
Қой-қой!.. шалың боса ма... жасымайын...
Қайда өзі... қашып жүр-ау, ол да менен...
Иіскетші... немеремнің... насыбайын...

Шақырады... щыңырау... қиыр мені...
Кеудемде... дәрмен жоқ-ау иір ме еді?..
Нұр-еке ... құдай қосқан ... көршім едің
Ал енді... иманымды... үйір – деді...
Бір жақсылық жасардай тәңір әлі,
Ең әуелі анамыз аңырады.
Намаздыгер өткесін намазшамда,
Үйіміздің шайқалды шаңырағы.
Жүрек әлсіз, тынысы жеделдетіп,
Иек қақты түбіне кесел жетіп,
Тыныштықты дар етіп жыртты дауыс,
Көзімізге бұлт торлап нөсерлетіп.
Құлазытып көңілді қаңыратты,
Әкеміз осылайша аңыратты.
Өксіген даусымыз әзер-әзер,
Құлатпай сүйеп тұрды шаңырақты!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайырымсыз ажал деген шіркін келіп

  • 0
  • 0

Қайырымсыз ажал деген шіркін келіп
Уыздай бір ұяның шырқын бөліп.
Сәби жүрек атанды тұлдыр жетім,
Әкесі мен шешесі бір күнде өліп.

Толық

Мінездің сан қыры бар

  • 0
  • 0

Мінездің сан қыры бар,
Жасығы албыры бар,
Қанша адам бір поезда,
Соншалық тағдыры бар.

Толық

Тағдыр

  • 0
  • 0

Өмірден өтер дейсің кез ілмей кім?
Адамнан бәрін күтем,
Безінбеймін.
Енді мен ажалымнан басқа дұшпан,

Толық

Қарап көріңіз