Өлең, жыр, ақындар

Дала мен тау

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 586
Дала мен
Бір ана баласындай,
Даналығы өмірдің бар осындай.
Расулдың ойлы жыры —
Тауларындай,
Мұхаңның ұлылығы
Даласындай.
Шыңдарың таласатын биік көкпен,
Расул ақын әлемге сүйікті еткен
Жер — АНА!
Жұдырықтай жүрегіне,
Мұхтарың —
Даласымен сыйып кеткен.
Кішіпейіл көңілдер жараса алған,
Қарсы алар авар тауын даласы алдан.
Расулға—
Кең өлкеміз кішірейіп,
Мұхаңа —
Авар тауы аласарған.
Көтерер әлем жүгін иықпенен,
Кеңдікті,
Биіктікті сүйіп келем:
Мұхаңмен —
Кеңіп салып кең даламыз,
Расулмен —
Авар тауы биіктеген.
Расулмен таныды әлем өрлігімді,
Мұхтармен таныды әлем елдігімді.
Дала ұлы —
Арман етіп биіктерді,
Тау ұлы —
Аңсап өскен кеңдігімді!
Өзіңнің келісімің
Кесіміңмен,
Әйелдер босанатын үйден шықтың,
Бас тартып,
Ана деген есіміңнен.
Бәрін де көрсеңіз де,
Көнсеңіз де,
Келмегені үшін бе ол сені іздеп?
Бір жолата қоштастың,
Жолықтырып
Ана болу бақытын
Он сегізде.
Қылығын қалап алып есер, ездің,
Сол күні көңілсіздеу көше кездің.
Бәрі де кінәлайтын сияқтанды
Қарсы келіп қадалған неше көздің?!
Еңсеңді жұмбақ күштер езіп алды,
Жеңе алмай арпалыстың сезім-арды,
Құлағыңда — іңгәсі нәрестеңнің,
Көкірегіңде жәудіреп көзі қалды.
Өз-өзіңнен отырып, жылағың кеп,
Көз жасыңды көл етіп бұладың көп,
Қайғының қара орманын жолықтырдың,
Өміріңнің ағысын бұрамын деп.
Қолға алмай қайта таппас қимасыңды,
Ұғындың көз жасыңды тыймасыңды.
Құп-құйттай, сүп-сүйкімді нәрестесіз,
Сезіндің кең дүниеге сыймасыңды.
Тағдырдың бораны ма?
Дауылы ма?
Жолықтың тауқыметтің ауырына.
Сен іздеп оралғанша,
Басқан еді
Баланды баласыздар бауырына.
Ұғындың
Қасіреттің зардың барын,
Тата алмай бала деген балдың нәрін.
Ұлыңды кім алғаны құпия боп,
Қайғыменен қарсы алдың таңның бәрін.
Сезіндің орны қайта толмайтыны,
Көзіңді қайғы-тұман торлайтынын,
Қолыңдағы бақытты жоғалтқаннан,
Ең ауыр өкініштер болмайтынын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шетелдік ақынға сыр

  • 0
  • 0

Батыстан іздеп ажалын атаң тартты майданға,
Шығыстан іздеп тажалын әкең өлсе Сайгонда,
Сайгонда, бәлкім, Тайванда.
Ал енді сенің өзіңнің

Толық

Әкеммен қоштасу

  • 0
  • 0

Алқа-қотан отырмыз дөңгеленіп,
Арыстай әкем жатқан төрге келіп.
Бейнетпен көз ашса да дәл осылай,
Өмірде шаршағанын көрмеп едік.

Толық

Ертең ақпан...

  • 0
  • 0

Қаңтардың соңғы күні
Ертең — ақпан,
Екі ойдың тоғысында —
көркем ақтаң,

Толық

Қарап көріңіз