Өлең, жыр, ақындар

Ән

  • 07.04.2022
  • 0
  • 0
  • 716
Өркеш-өркеш, өрелі құмдарымен,
Тіркес-тіркес, төбелі шыңдарымен,
Қасіретті қайғы-мұңға қарамай,
Ән тербеген қайран менің далам-ай!
Әншіл жүрек қайран менің бабам-ай!
Күмбір-күмбір, ағатын бұлағымен,
Сылаң-сылдыр, қағатын құрағымен,
Қасіретті қайғы-мұңға қарамай,
Ән тербеген қайран менің далам-ай!
Мөлдіреген көгенкөз көлдерімен,
Шетсіз-шексіз, меңіреу шөлдерімен,
Қасіретті қайғы-мұңға қарамай,
Ән тербеген қайран менің далам-ай!
Әншіл жүрек қайран менің бабам-ай?
Асу, асу, әр тарау жолдарымен,
Орам-орам, сан тарау орманымен,
Қасіретті қайғы-мұңға қарамай,
Ән тербеген қайран менің далам-ай!
Әншіл жүрек қайран менің бабам-ай!
Арманы көп, Ата мекен жерімен,
«Елім-айлап», еңіреген елімен,
Қасіретті қайғы-мұңға қарамай,
Ән тербеген қайран менің далам-ай!
Дүрсілдеген, жүрек үні тынбаған,
Сазды әуенге, арқа сүйеп тұр ғалам,
Осынша жер болар ма еді-ау халқыма,
Ән әлдилеп, ән салмаса бұл ғалам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үш дос немесе шырылдайтын сағат туралы жыр

  • 0
  • 0

Жарасқан жайсаң жастық кез болатын,
Тілеулес көңілдерге көз қанатын,
Бір-бірінсіз өтпейтін уақыт та,
Сағаттың үш тіліндей қозғалатын.

Толық

Мазасыз өмір – мазаңды алайын деп келдім

  • 0
  • 0

Мазасыз өмір – мазаңды алайын деп келдім,
Көгілдір көгіңе – қанатымды қағайын деп келдім.
Адамзатқа жетерлік кең дүниеден,
Құдай берген орнымды табайын деп келдім.

Толық

Сәлем ұлы Мақтымқұлы Еліне!

  • 0
  • 0

Құдамыз Жүсіп мырзаға Автордан!
Жер бетінде талай-талай жер көрдім,
Ашхабатты көріп алғаш тербелдім.
Сәлем ұлы Мақтымқұлы Еліне,

Толық

Қарап көріңіз