Өлең, жыр, ақындар

Есіме қапияда түсті ауылым

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 486
Есіме қапияда түсті ауылым,
Қиялдың қанатында ұшты-ау, күнім!
Кеудемді билеп алды бір сағыныш,
Елжіреп ойда-жоқта іш-бауырым.
Ұмыттым бір сәт оймен астананы,
Елестеп бала кездің дос-жараны.
Ауылым екі көлдің ортасында,
Екі көл — ауылымның қос жанары.
Мен үшін Қамбаш көлі — Қара теңіз,
Мен үшін Мақпал көлі — Қара теңіз.
Шомылған егіз көлдің айдынында,
Қөзіме елестейді бала Шөміш.
Нұр жинап жүрегіне ақ таңынан,
Ғажайып кеудесінде бақ дарыған.
Әкемнің елестейді Бай Шөміші,
Оралып келе жатқан Мақпалынан.
Мақпал көл — мақпал десе, мақпал еді,
Мақпалдан бала арманын тапқан еді.
Әкемнің Бай Шөміші бұйра шашты,
Келбетін күні қаққан қап-қара еді.
Көз алдымда желгендей қара қоспақ,
Ауылды еске ап, отырмын, даланы еске ап.
Қауын исі, күн исі, жусан исі,
Бұрқырап жүрген сонау баланы еске ап.
Балалық қолын жайып созар мұңға,
Нендей мұң барын әсте сезе алдым ба?!
Туған ауылын айналып жүрген әлі,
Бала кетіп барады көз алдымда!..
Сол бала қалап алып қалауын да,
Қимайтын тағдыр жолдың тарауында.
Бөлініп менің құйттай жүрегімнен,
Қоштасып қалып қойды сол ауылда!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Соғыста қаза тапқан батырлар туралы ой

  • 0
  • 0

Қиды жанын,
Құйды қанын,
Нұр таңы үшін!
Көз жұмған жоқ өлімді қызық көріп,

Толық

Ойлар да көктен самсайсың

  • 0
  • 0

Ойлар да көктен самсайсың,
Бостандық тілеп аңсайсың.
Шаршатады бұл өмір,
Әйеліңнен де шаршайсың.

Толық

Сұлулыққа сөз бар ма

  • 0
  • 0

Сұлулыққа сөз бар ма,
Көретұғын көз бар ма,
Дәл осы сәт сұлусың,
Сәл тұра тұр қозғалма.

Толық

Қарап көріңіз