Өлең, жыр, ақындар

Шөл даланың көкжалы

  • 10.04.2022
  • 0
  • 0
  • 438
Шөл даланың құмын айт,
Ирім-ирім теңіздей,
Сол бір құмның сырын айт,
Адамменен егіздей.
Шөл даланың аңын айт,
Аңға шығар қол босы.
Түйе боздап аңырайт,
Оның дағы шөл – досы.
Шөл даланың суын айт,
Әр тамшысы алтындай.
Суды жұтқан құмын айт,
Сіміретін тартынбай.
Шөл даланың күнін айт,
Жан күйдірген аптабы.
Әр күнінің мұңын айт,
Гүл жылайтын бақтағы.
Шөл даланың түнін айт,
Түнде жұлдыз ағатын.
Түннің әсем – үні ұнайт,
Шегіртке мұң шағатын.
Жүрегімде жайды үміт,
Дала десе жоқ жаны.
Келе жатыр Айға ұлып,
Шөл даланың көкжалы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Халқым болып оянып күн кешемін

  • 0
  • 0

Халқым болып оянып күн кешемін,
Тәңіріммен тәңірдей тілдесемін.
Осы бір құдіретті сезімдерді
Ақын болып тумасаң білмес едің.

Толық

Қателігім менің

  • 0
  • 0

Жүрегімнің жалынын,
отты берем.
Отты берем деуменен өтті белең.
Оралмайтын өмірде жоғалмайтын,

Толық

Лирика

  • 0
  • 0

Дүниеге таңырқаймын тамсанам,
Түнгі аспанда жұлдызы көп самсаған.
Поэзия падишасы – лирика,
Өмір бақи ғашық болдым мен саған.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар