Өлең, жыр, ақындар

Халқым болып оянып күн кешемін

  • 31.03.2022
  • 0
  • 0
  • 442
Халқым болып оянып күн кешемін,
Тәңіріммен тәңірдей тілдесемін.
Осы бір құдіретті сезімдерді
Ақын болып тумасаң білмес едің.
Қалайша өлең сені қоя аламын,
Дүние қызығына тоя аламын.
Таңыммен таласа атып, бірге шығып,
Қазақтың ұлты болып оянамын.
Ғұмырым солып тынар бүлмен бірге,
Жүрегім жаратылған жырмен бірге.
Қазақтың қасиетті ошағына,
Шуақ шашып тұрамын Күнмен бірге!
Арманым орындалмас күнге асықем,
Өмірге өле жаздап мен ғашық ем.
Осы сөзді оятып Күнім айтты,
Талай-талай күндермен сырласып ем.
Әуелеп әнге айналды жыр дегенім,
Асқар шың Алатаудай түргелемін.
Есігін қақпай тұрып, терезеден,
Күнменен әрбір үйге бірге енемін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ей, дүние, жаныма дем бересің

  • 0
  • 0

Ей, дүние, жаныма дем бересің,
Демің тартып ішіңнен сен келесің.
Киелі қара ормандай жайқалып бір,
Ғажап толқын — ұрпақпен тербелесің.

Толық

Мұз айдыны

  • 0
  • 0

Жастық шағым — айдын мұз,
Сырғанадым желікпен:
Көз алдымда қай бір қыз,
Аумайды ерке еліктен.

Толық

Ақтық демім қалғанша

  • 0
  • 0

Жыр жазу деген затында,
Жұлдыз боп жану түнекте.
Еркіндік қажет ақынға,
Бостандық керек жүрекке.

Толық

Қарап көріңіз