Өлең, жыр, ақындар

Шөлдеп өткен қазақпын

  • 10.04.2022
  • 0
  • 0
  • 579
Шөл даламын,
Бостандыққа шөлдеген,
Шөл даламын,
Өксік ойлар кернеген.
Шөл даламын,
Күйі үзілген пернеден,
Шөл даламын,
Аңызақ ой тербеген.
Шөл даламын,
Шөлдеп өткен қазақпын,
Қашан-қашан
Атар-ау деп азат күн?!
Күнін күткем,
Ертегідей ғажаптың.
Шөл даламын,
Шөлдеп өткен қазақпын!
Қилы тағдыр
Күнімді ойлап шөлдедім,
Қилы тағдыр,
Тілімді ойлап шөлдедім,
Болашағым
Білімді ойлап шөлдедім,
Жүрегімді
Түсінесің бе, сен менің.
Кие болар,
Жерімді ойлап шөлдедім,
Ие болар
Елімді ойлап шөлдедім,
Осы жолда
Не бір тағдыр тартпадым
Осы жолда,
Не бір тағдыр көрмедім.
Кеудемді бұл,
Қуаныш-мұң кернеді,
Түсін мені,
Тереңірек сен мені
Тәуелсіздік
Ғасыр алға төрледі,
Сонда дағы,
Шөл даламның
Басылар ма шөлдері?!
Басылар ма шөлдері?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құлқын

  • 0
  • 0

Адамдарды құртатын құлқыны екен,
Құлқыннан да құтылу мүмкін екен.
Құлқындардың түбіне жете-тұғын,
Қапияда кез болар бір күн екен.

Толық

Қазағымның күйлері-ай

  • 0
  • 0

Сағынышты жүрегімнің назындай,
Қырдың әсем қалқып ұшқан қазындай,
Сырлы әсем Сырдария сазындай,
Аңыраған аққулардың мұңындай

Толық

Букенген сарайы

  • 0
  • 0

Букенген сарайына тіл жетпейді,
Күллі әлем қасиеттеп құрметтейді.
Жанарын жаулап алып бір құдірет,
Көрген жан жүрегіне гүл көктейді

Толық

Қарап көріңіз