Өлең, жыр, ақындар

Букенген сарайы

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 445
Мәртебелі Елизаветаға П-ге арнаймын

Букенген сарайына тіл жетпейді,
Күллі әлем қасиеттеп құрметтейді.
Жанарын жаулап алып бір құдірет,
Көрген жан жүрегіне гүл көктейді
Шыққандай рухани асқа тойып
Бәрін де жүрек пенен басқа қойып
Сарайды мрамормен шілтерлеген
Шеберлер суретті тастан ойып.
Жер менен таңырқатқан ұлы көкті.
Көз тоймас көрген сайын сүгіретті,
Сарайды алтынменен шілтерлеген
Шеберлер суреті құдіретті.
Кеудемді бір сұлулық әнге орасын,
Шабыттан бір құдірет жан боласың,
Тәңірдің өзі салған суреттен,
Айнала қарайсын да таң қаласың.
Болғасын дүниенің сөз орнында
Болғасын дүниенің көзі орнында
Кемістік таба алмайсың бір жерінен
Бәрі де безенгендей өз орнында!
Мрамор шілтерінің данасындай
Көз салсаң әр жеріне алас ұрмай,
Бүкенген әр бөлмесі сұлу қандай
Бәрі де қыздың сұлу баласындай.
Көз алдымда қала мен тұрар дала
Бас имес құдіретті кім Аллаға,
Осындай құдіретті көргеніме,
Бас ием, тізе бүгіп бір Аллаға!

23 шілде, 2012 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көлеңке

  • 0
  • 0

Дені сау ма?.. Әлде өзі масаң ба еді?
Мінезі, мінез емес, қасаң да еді: —
Көзіңше, көз алдыңда көлеңкеңді
Мыжғылап табаныммен басам,— деді.

Толық

Қыс

  • 0
  • 0

Аппақ тонын жамылған,
Ақсақалды қыс келді...
Аппақ қарға малынған,
Ақ боранды түс көрді.

Толық

Қуаныш па кеудесі, мұңды ма еді?

  • 0
  • 0

Қуаныш па кеудесі, мұңды ма еді?
Жасамыс жүрегіне сыр бүгеді.
Ақсақалға жыр етіп жастық шағын,
Көк теңіз толқын атып дүрлігеді.

Толық

Қарап көріңіз