Өлең, жыр, ақындар

Түйе – шөлдің кемесі

  • 10.04.2022
  • 0
  • 0
  • 579
Түйе – шөлдің кемесі,
Аққу – көлдің кемесі.
Түйе – шөлде жүзеді,
Аққу – көлде жүзеді.
Шөл далада самал кеш,
Ымырттан соң қонар кеш.
Өлшеп бәрін табиғат,
Біріне берген нар өркеш.
Таң шапағын бояпты,
Айдын көлден оятты.
Өлшеп бәрін табиғат,
Біріне берген қанатты.
Алда асар белесі,
Көз алдымда елесі.
Қанатты, бірі –өркешті,
Көл мен шөлдің кемесі.
Қонбай кеттің неге сен,
Ғажайып ертек елесі ең.
Нар өркешті, нар тұлға,
Мен де шөлдің кемесі ем.
Қанатты құсқа теңесем,
Жүрегіммен кеңесем.
Айдында жүзген аққудай,
Сен де көлдің кемесі ең.
Айдаланың «әншісі»,
Өмірдің тиген қамшысы.
Шөлдеп жүрген шөлмін мен,
Көлдің мөлдір тамшысы.
Аққуым дер сен деп ел,
Ұмтылады төрлеп ел.
Айналайын, айдын көл,
Мені іздесең шөлге кел!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Лирик ақын

  • 0
  • 0

Кездерінде күн аман,
Көрген сәттен ұнағам.
Бауырға алды аға боп,
Қайран менің ТҰМ-АҒАМ!

Толық

Теңізге сәлем

  • 0
  • 0

Бір озып, әрі асқан,
Толқыны таласқан.
Жерорта теңізі,
Көгілдір көк аспан.

Толық

Ата Жамбыл

  • 0
  • 0

Жамбыл ата, бір ғасыр бұрын менен
Бірге тудың жұлдызды жырыңменен.
Өлеңдерің сырласар ертеңменен,
Өзің болып сөйлейді бүгін де өлең!

Толық

Қарап көріңіз