Өлең, жыр, ақындар

Теңселіп терек байқап тұр

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 538
Теңселіп терек байқап тұр,
Ойлай да білсең, ой тапқыр.
Малынып сұлу ақ қарға,
Оранып жатқан ойпат-қыр.
Аман қып татқан сан у-дың
Ғажап-ау көзі танудың,
Ойпат-қыр кейде төсіндей,
Шалқалап жатқан Арудың.
Жата ма ару малынбай,
Бір жігіттің бағындай.
Ойпат-қыр кейде төсіндей,
Ақ балтырлы санындай.
Төгіліп күйдің пернесі,
Разы да болып «еу» деші
Батырдың кейде ойпат-қыр,
Сауыт киген кеудесі.
Біткен істей иіні,
Толғаулы тоқсан түйіні.
Жауға шапқан ойпат қыр,
Батырдың бас киімі.
Ақынның озып қиялы,
Кеудеңе батырып сияды.
Ойпат-қыр кейде дүбірлер,
Тұлпарлардың жойқын тұяғы.
Теңселіп терек байқап тұр,
Ойлай да білсең, ой тапқыр.
Осылай ойға қалдырды,
Оранып жатқан ойпат-қыр!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір де теңіз екен

  • 0
  • 0

Өмір де теңіз екен
Теңіз де, мұхит-көлмен егіз екен,
Су, ауа бар тіршілік негізі екен.
Артып тірлік тертесін мойынға сап,

Толық

А, Құдай, бергеніңе шүкір деймін

  • 0
  • 0

А, Құдай, бергеніңе шүкір деймін,
Ақынның жүрегінде бүкіл мейірім.
Жолаушы өзі қонып, түстенеді,
Келер бір қонағыма күтінбеймін.

Толық

Балдәурен

  • 0
  • 0

Жайсам деймін мол өркен,
Гүлдей арай жүрегім.
Озбау үшін көлеңкем.
Күнге қарай жүремін!

Толық

Қарап көріңіз