Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың алдан озған кең даласы

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 459
Қазақтың алдан озған кең даласы,
Даланың жүйрік тұлпар мен баласы.
Қанша кең болса дағы сол далаға,
Абайдай қалай сыйған ел данасы?!
Ел данасын ойлаумен толғанасың,
Бұл далада талайлар болған асыл.
Талай асыл болса да жеткен емес,
Бар ма екен бұл жаһанда жолдан асыл.
Жолдар ғой мұратына жете-тұғын,
Тау-қырат, көпір асып өте-тұғын.
Біз де бір жолаушымыз деген сөз бар,
Жауабы бұл да болса медет ұғым.
Ажалдан арашалап алмайды ешкім,
Неңіз бар бұл өмірде сене-тұғын?
Арпалысып жатқанда ажалменен,
Қол ұшын жан бола ма бере-тұғын.
Құлшылық ету парыз – Алла алдында,
Бір Құдай соның бәрін көре-тұғын.
Келемін сапар кешіп кең даламда,
Менде де қасиет бар аңдағанға.
Бір Алла өзі берген киелі өнер,
Мен емес, ақындықты таңдаған да.
Ғұмыр кешіп жатады жақын-алыс,
Қаншама ұқсамайтын жан ғаламда.
Мен ақын болайын деп жүрген жоқпын,
Амалсыз ақын болам таң қалам да!
Келеміз бұл өмірдің қуаты ма,
Бас қойып өнер-бұлақ суатына.
Ажалмен жетпей қалған жандар қанша,
Жетем деп арман еткен мұратына.
Сезім ғой жан-жүректің жанды гүлі,
Адамның беймәлім ғой алғы күні.
Ажалдан асып туып ғұмыр кешкен,
Жандар бар жер бетінде мәңгі тірі!
Қызықтың бірін көріп, бірін көрмей,
Жан болмас бұл тірліктің мұңын көрмей.
Тәңірден тілейтінім бұл өмірде,
Ажалдан асып туар ғұмыр бергей!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Виндзор сарайы

  • 0
  • 0

Жайлауға жайылтқандай жандарды кең,
Ағылшын текті ел екен аңғардым мен.
Он бірінші ғасырдың ғажайыбы,
Виндзор атты сарайға таң қалдым мен.

Толық

Мен сені сағынғалы күн қашан

  • 0
  • 0

Мен сені сағынғалы күн қашан,
Өз-өзіммен іштей ғана сырласам.
Махаббаттың отына бір шарпылып,
Бұл дүние айналмай ма жырласам.

Толық

Жұмбақ әлем

  • 0
  • 0

Шөл басқаннан
Шығар биік төрге хан.
Шөлдеп тұрып
Ие болар елге хан.

Толық

Қарап көріңіз