Өлең, жыр, ақындар

Неге өлең жаздым екен білмедім

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 410
Неге өлең жаздым екен білмедім,
Өлеңменен өтті талай күндерім.
Өлеңменен өтті талай түндерім,
Неге өлең жаздым екен білмедім.
Өлең болды өмір сүрген күндерім,
Басқа мақсат бола алмады білгенім.
Өлең жаздым, Поэзия бар жүгі,
Иығымда тұрғандай-ақ бір менің.
Өлең болып бұл пәниде мұңайдым,
Өлең болып бұл тірлікте қуандым.
Жауларыммен өлеңіммен күрестім,
Майдан салып, алғы шепте ту алдым.
Өлең менің өзегімді өртедің,
Бойға біткен бейдауасыз дерт едің.
Өлең болды әрбір күнім, Бүгінім,
Өлең болып елестеді ертеңім.
Алла менің жүрегімді байытты,
Бір адамдай көрдім өмір ғайыпты.
Маған қарсы болған жандар осынау,
Ұлы Құдай алдында да айыпты!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үзілген алма

  • 0
  • 0

Діңгектен тамыр тартып жан бабасы,
Бүршіктен көзін ашып бар баласы.
Шебер қол, нәзік саусақ шілтеріндей,
Гүлдейді-ау кестеленіп алма ағашы.

Толық

Ұлы Кафка елі

  • 0
  • 0

Табанымыз тиді ЧЕХТЫҢ жеріне,
Келдік біздер ұлы КАФКА Еліне.
Зиялы бір ақсүйектік танылар,
Көз жүгіртсек бұл бір халық тегіне.

Толық

Қуаныш па кеудесі, мұңды ма еді?

  • 0
  • 0

Қуаныш па кеудесі, мұңды ма еді?
Жасамыс жүрегіне сыр бүгеді.
Ақсақалға жыр етіп жастық шағын,
Көк теңіз толқын атып дүрлігеді.

Толық

Қарап көріңіз