Өлең, жыр, ақындар

Сексеуіл де гүлдейді....

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 467
Аппақ құм шөл далада туып өскен,
Тағдырдың тауқыметін уын ішкен.
Шөл далада мен өскен сексеуілмін,
Тамыры терең ғасыр суын ішкен.
Ғұмыры аптап ыстық күн астында,
Өмірі – Жұлдыз= айлы түн астында.
Шөл далада мен өскен сексеуілмін,
Тарихы қалған талай құм астында.
Сағымданар құмдары көшкенде алдым,
Аралдың ақ құмында өскен жанмын.
Тамыры жеті қатпар жер астында,
Тағдырын сексеуілдің кешкен жанмын..
Еңсемді еңкейтпестен өрге менің,
Тағдырды мендей тартып көрген елім.
Жел тербеп жасылданып Жер үстінде,
Сонда да желбірейді көк желегім.
Көк желекпен жүрегім гүлдеп менің,
Өткіздім тағдырымның түрлі өткелін.
Күресіп өмір үшін қатып семген,
Тұғырлы сексеуілдей діңгектерім.
Бітпей кейде, біткендей бірі істің де,
Береді бұл тіршілік тыныс кімге.
Бостандық ғұмыр кешкен ұлы Еліммен,
Гүлденді сексеуіл де құм үстінде!..

17 желтоқсан 2012 жыл
Алматы шаһары



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шулады-ау күллі қара орман...

  • 0
  • 0

Құз жартасқа атылған,
Ақ жол толқын әні әсем,
Шағаладай шарқ ұрған,
Мен – теңіздің баласы ем!

Толық

Жұлдыздардай зымырап жиі ақты жыл

  • 0
  • 0

Жұлдыздардай зымырап жиі ақты жыл,
Әйелдің бәрі бірдей ұятты гүл.
Әйелдердің көргенін еркек көрсе,
Өмірден баз кешетін сияқты бір.

Толық

Оқжетпес

  • 0
  • 0

«Оқжетпес!»,
«Оқжетпес!»
«Оқжетпеске» сөз жетпес!
Шыңдарына бұлт қонып,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар