Өлең, жыр, ақындар

Ағыс

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 649
Өзеннің ағысындай өмір ағыс,
Адамның шолатындай көңілі алыс.
Ұяты, көз жанары сөнбесе егер,
Билейді ар-ожданмен, тегі намыс.
Ағыспен бірге ағады лайланып,
Ирімдер тереңіне шыр айналып.
Балдыры бар сан алуан шалаңдармен,
Толқыны бірге жүзіп құлайды анық.
Мен дағы сол ағыстың үстіндемін,
Ескегі жоқ қайықтың құштым кебін.
Ағыста айналшықтап түсіндім мен,
Құдірет табиғаттан күштің кемін.
Алпауыт аласұрған ағыс қандай,
Тереңнен ойлар жүзіп табысқандай.
Ереуіл, ақжал толқын, асауы бар,
Толқындар толқындармен алысқандай.
Адамға ең қымбаты бала күні,
Ағысқа жұлдыз шашқан дала түні.
Белгісіз бұл ағыста аласұрған
Жағаға кімдер шығып қалатыны.
Белгісіз қуана ма, мұңды ма адам,
Тау түгіл, бас көтеріп тұрды далам.
Бірге жүзіп келеміз бір бақытым,
Ағыстың арқасында күллі ғалам!

20-24 қараша, 2012 жыл.
Алматы шаһары



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ең жақсы күн...

  • 0
  • 0

Қадірі мол қанағатқа тояд таң
Күнім күліп шұғылаға боятқан,
Ең жақсы күн — бүгінгі күн, ағайын
Тербеп әлем,

Толық

Коррида

  • 0
  • 0

Толмаған-ау осынау көпке жай іші,
Атып шығып шешілгенде қайсысы,
Испан ұлты мақтан тұтар стадион,
Адам менен бұқалардың сайысы!

Толық

Ақын монологі

  • 0
  • 0

Сезінемін дүние қарбаласын,
Қазағымның сүйемін әр баласын.
Сүймесіңе бола ма әрбір ұрпақ,
Туған халқың – ғұмырын жалғағасын!

Толық

Қарап көріңіз