Өлең, жыр, ақындар

Мен бүгін Байсалымның

  • 14.04.2022
  • 0
  • 0
  • 345
Мен бүгін Байсалымның
Үйіндемін...
Ұлы күйші Құрманғазы
Күйіндемін...
Жанында жолдас болған
Өлең-Жырым...
Бір Құдай, бір Алла ғой,
Сүйінгенім...
Мен бүгін Байсалымның
Отбасында...
Өмірдің Ұлы жолы
Тоқтасын ба?!
Әкемін айналатын
Балаларым...
Әкем мен Жан анашым,
Жоқ қасымда!..
Тарихпын Мен Ақынмын,
Мен әкемін.
Айнала қазағымды,
Ән етемін.
Өмірінің сәні етемін,
Сол үшін тәңіріме тәуетемін.
Мен – Ақынмын!
Қазақтың – Мен Ақыны,
Ақындық жүрегіме қонатыны:
Сезімнен жүрек – шайыр болатыны,
Аралым қайта толқып толатыны,
Өлең-жыр шежірелі тірегі елдей
Құдай қолдап сөз айтпан біле бермей
Жақайынға түстенген сол ақындық.
Менің осы басыма түнегендей!
Бақ деген қона бермес басқа мұндай,
Жұлдыз-жыр шашып тастар аспанымдай
Ақындық әрбір күнім, әрбір сәтім,
Ұзартамын ғұмырды қасқағымдай!
Жүрегімді түсінер жанды күттім,
Мен талай өлеңменен таңды күттім.
Қосшыда бір өлеңді мен қалдырдым,
Ішіне енетіндей мәңгіліктің!
Наурызымды қарсы алдым басты ырыммен,
Шағады тасты жарып, тас гүліңнен
Қосшыда мен қарсы алдым жылқы жылды,
Наурыз-көже, наурыз-той дәстүріммен.
Ақжол асау толқынмен ерегестім,
Асау Арал теңізден өлең естім,
Артық-кем бола алатын бір ақының,
Айналайын ешқашан Мен емеспін!
Өлең болып өмірде қалды сыйым
Тартады тебіреніп таңды күйім.
Қазақтың айналады тарихына,
Менің әрбір тоқтағым – әрбір үйім.

23 наурыз 2014 жыл
Астана қаласы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әйел деген әйел ғой

  • 0
  • 0

Әйел деген әйел ғой,
Бізге әйелсіз ауа жоқ.
Әйел деген әйел ғой,
Әйелдікке дауа жоқ.

Толық

Есіл

  • 0
  • 0

Ақын болып жаратылдым не үшін мен?!
Бүгін алғаш амандастым Есілмен.
Бас иеміз дәл осы бір өзенге,
Келіп жеткен астаналық көшіммен.

Толық

Өмір

  • 0
  • 0

Адамды өмір шыңдайды
Тіршілік ағыс тынбайды,
Өмір кейде қуаныш,
Өмір кейде мұң-қайғы.

Толық

Қарап көріңіз