Өлең, жыр, ақындар

Нинаға

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 382
(Шиллерден)

Беу! Қиялшыл күндерім ой жарасқан,
Сүңгіп мәңгі кеткенің бе түнекке!..
Сол бір сәнді жұлдызды ойлап мен қашқан,
Жетімек боп жүдеу тартқан жүрек те,
Талықсыған сол жұлдыздай көмескі,
Өткен шағым бақыт құшқан емес-ті.
Мейлі, мәңгі шомып тәтті қиялға,
Жата бер сен екі көзің жұмулы,
Тебіренермін өзіңді еске алам да,
Жүрегіме сақтау үшін жылуды.
Амал қанша сүйесің сен жарықты,
Махаббатсыз ұмытып мен ғаріпті!
Айтшы, Нина, махаббаттың жандырған,
Жалынынан құтылар кез болар ма?
Сезіміңді шарпып бойды дал қылған,
Шалғайларға әкетер кез болар ма?
Жер сыйлаған ұқсап байғұс пендеге,
Сөнетін шақ туар ма екен күнге де?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

К...

  • 0
  • 0

Қауыштық қайта екеуміз,
Кетіппіз мүлде өзгеріп!
Қайырсыз жылдар - өшкен із.
Қадірін білмей көз көріп.

Толық

Жауап

  • 0
  • 0

Кімде-кім тартып азапты,
Жасытса жастық жігерін,
Қорқыныш, үміт ләззаты
Тебірентпес оның жүрегін.

Толық

Екі алып

  • 0
  • 0

Алтын қалпақ басында,
Қарт алыбы орыстың,
Тас түйілді тосуға
Жат батырын алыстың.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар