Өлең, жыр, ақындар

Түн

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 551
Тас қараңғы. Бәрі бейбіт. Болғаны
Қоңыз ұшып, бұзды ұйқыны жондағы.
Шөп түбінде жауын құрты бір бүктем,
Ол хабарсыз біздің күйбең тірліктен.
Зәулім терек бәсік зауқын тимады
Аспанда айдың ашылғанмен дидары.
Оның мұнша жануында мән бардай
Терезенің алдында ол тұр.
Мәрмәрдай. Қабырғадан көлеңкесі көрінді,
Айға емес, көкке қарап емінді;
Бой алдырып құштарлықтың отына
Тұрғанымен, тартпас ешкім сотына.
Жылтырайды ұмыт қалған шырағдан,
Ай мен білте сәулесінен құралған
Осынау нұр махаббаттың отындай
Асау қанда ойран салды-ау, опырмай!
Кім бұл? Кім бұл, түн ұйқыны төрт бөлген?
Не сезерсің өрекпіген өрт демнен?
О, дүние, үнсіз тұрған кім сонау,
Жанарына жасырғанын білсең-ау!
О, дүние, жалғыз досы жан кешер
Жан жарасын жеңілдете алса егер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

28 қыркүйек

  • 0
  • 0

Неше мәрте толғандырды осымен
Көзің нұрдан жаралған.
Сенің үнің салды менің есіме
Қымбат жанды жер алған.

Толық

Нинаға

  • 0
  • 0

Беу! Қиялшыл күндерім ой жарасқан,
Сүңгіп мәңгі кеткенің бе түнекке!..
Сол бір сәнді жұлдызды ойлап мен қашқан,
Жетімек боп жүдеу тартқан жүрек те,

Толық

Менің демоным

  • 0
  • 0

Жауыздық қана тілейді,
Жайлайды түнек аспанды,
Тілейді кілең дүлейді,
Ну жылап, дария тасқанды.

Толық

Қарап көріңіз