Өлең, жыр, ақындар

Баллада

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 531
(Байроннан)

Мекендеп Бургос жолын жүр деседі
бір сопы дара, тағы.
Күбірлеп тек құдаймен тілдеседі
еске алып садақаны.
Маған деген тағдырдың
Бар сыйлығы бар мұнда.
Жазған сөзің бар онда,
Ұрлап алдым мен өзім.
Сол қағаздың жолында
Бар азапқа төземін.
* * *
Бітті бәрі! Ештеңе жоқ баянды,
Қоштасатын күн де бүгін таянды.
Азабы мол ажырасар келді сәт,
Көңілімде қасірет те қат-қабат!
Шіркін, алғаш мен кезіккен кезімде,
Түскенде көз сенің нұрлы көзіңе,
Байқамаппын күннің былай өтерін,
Ажырасар азапты шақ жетерін.
Бәрі бітті! Сенің әсем даусыңды
Естіп қуат алатын күн таусылды.
Енді жұрттан бөлек кетіп, кеш қалам,
Сөйтіп сені жылаймын да... еске алам.
***
Қош бол енді! Осы айтылған сөз енді,
Мына менің жүрегімді езеді. –
Қош бол! - деген азабы мол алты әріп,
Мен байқұстың өртеп өтті-ау өзегін!
Мөлдір көздер мазамды алып күрсіндім,
Айрылысарға жаралдық па... білсін кім?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ботагөз

  • 0
  • 0

Адамдары баяғының
Болады екен мүлде өзге,
(Сүю деген бар ғой ұғым).
Құлай сүйген көрер көзге.

Толық

Күзгі күн көзі

  • 0
  • 0

Жел тербеген ағаштарға,
Дымқыл, бусаң қара жерге
Бұлт пен тұман арасынан
Бозғылт, жансыз нұрын шашқан

Толық

К...

  • 0
  • 0

Қауыштық қайта екеуміз,
Кетіппіз мүлде өзгеріп!
Қайырсыз жылдар - өшкен із.
Қадірін білмей көз көріп.

Толық

Қарап көріңіз