Өлең, жыр, ақындар

Орыс әні

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 523
1
Жапалақ-жапалақ қар жауды,
Келіншек қалайша дағдарды
селт етпеді
су төкпеді.
Попқа ұқсап шығарған жаназа
Сарнайды ақ боран... жел аза
Тұтады.
Маң төбет ұлиды қақпада
Қажалап шынжырын қап-қара.
Жұлқады.

2
Қайтсін ол төбеттің қыңсылын,
Қайтсін ол боранның сыңсуын:
Үрейді алған,
Дүние жалған.
Таяуда көз жұмған қосағы
Алдынан елестей тосады:
Тіл қатып,
Дер: "Менің шөп салдың көзіме",
Көрсетер жүзігін өзіне,
Ұялтып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Д-ға арналған шумақтар

  • 0
  • 0

Атыңды қайтып жазармын,
Айтуға да жоқ шамам.
Жүректің тылсым азабын
Сол есім ғой қостаған, 

Толық

Паткульден

  • 0
  • 0

Жаулар босқа у жұтады ызадан,
бізге сыншы тәңірі мен халық бар.
Отан үшін күрестік қой біз әман
Күрес құнын - ажалымыз анықтар.

Толық

Козлов даласынан көрінетін таулар сипаты

  • 0
  • 0

Пилигрим
Мына мұзды мұнараны,
Салды ма екен бір Алла?
Тақ болар ма бұлттан соққан

Толық

Қарап көріңіз