Өлең, жыр, ақындар

...ға

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 393
Тағдырдан ғой, сенен емес, білемін,
Кеткенің менен тез айнып.
Ұрғашының берді ол саған жүрегін,
Болсақ да сұлу ғажайып.
Ізіндей-ақ, теңіздегі қайықтың,
Көп тұрмас әсер жүректе.
Емес қой ол махаббатқа байыпты,
Жарытпас және жүдеп те.
Білер бірақ соққан кезде сағаты
Мейрімсіз тағдыр салмағын.
Со бір сәтті тосуға жоқ тағатым,
Ғафу ет, хайыр, ал жаным.
Мені, бір кез, мүмкін, тағы көрерсің,
Құрармыз сұхбат жырақта.
Сонда маған жаның жылап көнерсің,
Не пайда одан бірақ та?
Жоқ, жоқ! Наз үн, от жалыны жанардың
О кезде түкке аспайды;
Сен өтерсің, мен табалап қарармын,
Жаныңа тастап тас қайғы.
Мырс етермін өзің және кетерде,
Қарайып кекке толғасын.
Менің жалғыз сол күлкіме жетер ме
Сел болып аққан көз жасың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

...ға

  • 0
  • 0

Сүйкімді-ақсың тағуға бекерге мін,
Сүю үшін - әркімге көзің де ұнап!
Жарты әлемді бақытты етер де едің,
Бақытты бола алмассың өзің бірақ;

Толық

Мөп-мөлдір жанарың жанады

  • 0
  • 0

Мөп-мөлдір жанарың жанады
Аспандай көгілдір
Сүйістей баурап бір барады
Әніңді төгілдір.

Толық

Жауап

  • 0
  • 0

Кімде-кім тартып азапты,
Жасытса жастық жігерін,
Қорқыныш, үміт ләззаты
Тебірентпес оның жүрегін.

Толық

Қарап көріңіз