Өлең, жыр, ақындар

...ға

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 485
Сүйкімді-ақсың тағуға бекерге мін,
Сүю үшін - әркімге көзің де ұнап!
Жарты әлемді бақытты етер де едің,
Бақытты бола алмассың өзің бірақ;
Тағдыр бізге қызығын қашан ғана
Қиды еселеп?
Қарашы қатты ағынға:
Жағасы гүл - арнасы асаулана
Суық тартып, сұстанып жатқаныңда!
Жер үстін тұтас бүркеуге,
Қар жауған таңда қап-қалың,
Тыңдаған кім бар, шіркеуде
Қоңырау күмбір қаққанын;
Алысып-ойнап көрмек пе,
Іліп ап кеткен жел көкке,
Айтары өмір, өлім бе,
Құмар-ақ бәрі сол үнге.
Тас қорған демей - не дейін,
Сол үнге мен де таң қалам,
Сорлылар түгіл, көмейін
Жазмыш та бітей алмаған;
Жақтырмай дулы дүрмекті,
Жеке өзі билеп түр көкті,
Тұрса да жар сап, әттеңі –
Жер-көкке өзі жат тегі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тағдыр қатал. Әке мен ұл екеуі

  • 0
  • 0

Тағдыр қатал. Әке мен ұл екеуі
Екі жақта жүріп өліп кетеді
Азаматы бола тұрып елінің
Ғұмыр-бақи қуғын көріп өтеді.

Толық

Үзінді

  • 0
  • 0

Жас арудың көкірегін,
тұнжыр көз бен от реңін,
қайдан көрді есер жүрек –
жігіт тұрды есеңгіреп.

Толық

Су(шкова)ға

  • 0
  • 0

Жүрсем де бірге сезбедім,
Жаныңның отын, тілегін.
Қадалса дағы көздерің,
Толқыған емес жүрегім.

Толық

Қарап көріңіз