Өлең, жыр, ақындар

Үміт

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 388
Гүл көмкерген жұмағыңның ермегі
Күміс көмей сандуғашым бар менің.
Бірақ оның сәби талға қонақтап,
Бір де күндіз сайрағанын көрмедім.
Жаны туыс кеудедегі дүрсілмен
Қызыл орай құмыр құстың күрсінген.
Қанаттары алтын тозаң сепкендей
Салады еске таңғы бұлтты нұр сіңген.
Ауысқандай басқа өмірге кеңірек,
Тыныш түнге оранғанда төңірек,
Жан-жүйеңді шымырлатып, шіркін-ай,
Сайраудайын сайрайды-ау ол не керек!
Кек мұхиттай алай-дүлей тулап іш,
Ауыр мұңды лақтырады бұла күш.
Сол бір әуен қонағыңдай қымбатты
Көңіліңе әкеледі қуаныш!
Түте-түте болған кезде түбіт көк,
Әнге ғашық жүрегіңді жібіт деп,
Жан-жүйемді елжіреткен үні үшін
Бұлбұлыма ат қойдым мен үміт деп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрекке жетті уақыт

  • 0
  • 0

Жүрекке жетті уақыт,
Аптықпай тыным алатын,
Соқтырар аттай тулатып,
Жаны өзге күйіп жанатын.

Толық

Сонет

  • 0
  • 0

Өшкен үміт көңіліме қайғы сап,
Көлбеңдейді өткен жылдар елесі,
Бұлтты түнде көкті кезген ай құсап
Толықсисың, көз алдыма келесің.

Толық

Оба

  • 0
  • 0

Сонау жылы қара жердің беті қан,
адам біткен ажал-селде жүргенде
достығынан айнымапты екі жан –
шын сезімді өлім - жау да үзген бе.

Толық

Қарап көріңіз