Өлең, жыр, ақындар

Ләззатты сәт

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 536
Қалғаныңды оңаша
Қалды деме ел сезіп.
Жас сұлуым, балаша
Жақындай бер қол созып.
Жылуы жоқ жүзіңнің,
Жұмсақ емес төсегің.
Әйтсе де мен өзіңнің
Құшағыңа көшемін.
Жап әйнекті
Бұл маңда
Жанның іші күймесін.
Ағыт сосын бұлданбай
Ақ көйлектің түймесін.
Жолатпаймын
Дүрілдеп
Жанар өсек-пәлеңді.
Тұла бойым дірілдеп
Бара жатыр...
Бол енді!
Жалаңаштап қойғанда
Төсің қандай өрт еді.
Түсер кезде майданға
Қалай-қалай дертеді!
Құлын денең, балтырың
Құмарымды асырды.
Ішкөйлекке ақырын
Тұмарыңды жасырдың.
Үзер кезде гүліңді,
Арманымдай аңсаған
Сүйе тұра, зұлымдық
Жасағандай мен саған,
Ұқсап кеттің сен қатты
Жалбарынған балаға.
Ленажан, сол сәтті
Сұмдық деуге бола ма?!
Таусылып бар тағатым,
Ішіп-жермін көзіммен.
Соққан кезде сағатың
Шыдам кетер өзіңнен.
Сонда түктен тосылмай,
Тиер төске төсіміз.
Құмарымыз басылмай
Кіре қоймас есіміз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайыршы

  • 0
  • 0

Мінәжатхана алдында
Қайыршы тұрып сарнады.
Сорлыны дарқан зор-мұңға
Есіне ешкім алмады.

Толық

Жаңбырдан соңғы кеш

  • 0
  • 0

Қараймын мен терезеге:
Кешкі шапақ сөніп жатыр,
Шатыр менен кенереге
Соңғы нұрын төгіп жатыр.

Толық

Кінәлай берсін ақынды

  • 0
  • 0

Кінәлай берсін ақынды
Әжуашыл, аужай жау мына,
Үндемей алам ақымды,
Болмай-ақ қақпақ аузына.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар