Өлең, жыр, ақындар

Кремльді кім көрді арай таңында

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 370
Қала үстін тұман жапқан шағында
Ақ патшадай храмдардың жанында
Дәу мұнара жарқ еткенде ерлікпен,
Кремльді кім көрді арай таңында?
* * *
Көрдім ләззат құр сүлдесін, бекер-ау,
Елсіз, жерсіз бұйырыпты қандай дәм,
Құмарымнан бір шығармай кетер-ау,
Кезді арбаған тәтті үміттей шалғайдан.
Кім біліпті, қолға түссе ол бірден,
Жек көріп те кетер ме едім мен мүлдем?
Сезер де едім:
Егіл мейлің, еңіре.
Еш бақыттың жұбатпасын мені де.
Лебізін сыңғыр етіп өткен бір,
Кім айта алар, пейіш үні емес деп,
Жарқыраған жанарында мөп-мөлдір,
Тұрған жоқ деп жан-жүрегі елестеп;
Хақ-тағалам азабыма жіберген,
Мүңкір-Нәңкір періштем деп білем мен,
Ақыл-есте тұрса тегі мұң-дағы.
Періштенің жазығы не мұндағы?
Сағат сайын ұлғаюда әлгі дақ,
Көп ұзамай жалмар тіпті бәрін де,
Мен де соңда тыным алып мәңгіге-ақ,
Елтімейтін болармын-ау әр үнге,
Ың-шыңсыз-ақ құртып бәрін түп-түгел,
Арман, сезім енді осымен бітті дер.
Соған дейін, құлы-ақ болып нәпсінің,
Не істесем де өзім білем, тап шыным!
Бар шабытпен, ұмытып-ақ шаттықты,
Жалғыз өзін жырлап етем керексе,
Оған жаттың - бәрі маған жат тіпті,
Туған жерді сүйем де елден ерекше.
Осы жерде татқам алғаш мұң дәмін.
Осы жердің құшып жатам құмдағын,
Күні ертең мәңгі жұмып көзімді.
Қара жерге қиғанда да өзімді.
Қайран әкем! Қайда сенің мекенің?
Көкті кезген аруағыңды табам ба?
Білем, барар жолдың да көп екенін,
Бірін таңдау қорқынышты-ау маған да,
Көк пейіші бар! - деп тұр-ау жұлдыз да,
Соны таппай, бас қатырып тұрмыз да.
Сол ғой маған бар қызықты
Бізді өпкен
Әйелдердің жүрегінен іздеткен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сарғайып сағынышпенен

  • 0
  • 0

Сарғайып сағынышпенен
Дерт меңдеп, солдым мен көктей.
Өзіңмен қайырласпақ ем
Қоштастық салқын бірбеткей,

Толық

Сәбиге

  • 0
  • 0

Арман қуған албырт шақты аңсағанда елжіреп,
Бой шымырлап, іштен тынып, алабұртып бұл жүрек
Құр үздігіп бір өзіңе, қадалатын кезім көп...
О, балбөбек, ет-бауырым езіледі өзің деп!

Толық

Графиня Растопчинаға

  • 0
  • 0

Сенем мен: бір жұлдыз астында
Сізбенен бір туған екенбіз.
Бір жолмен жүрдік те басында,
Бір түске алдандық бекер біз.

Толық

Қарап көріңіз