Өлең, жыр, ақындар

Сәбиге

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 331
Арман қуған албырт шақты аңсағанда елжіреп,
Бой шымырлап, іштен тынып, алабұртып бұл жүрек
Құр үздігіп бір өзіңе, қадалатын кезім көп...
О, балбөбек, ет-бауырым езіледі өзің деп!
Айналдым мен жалт-жұлт еткен жанарыңнан жайнаған,
Тәтті үніңнен, ай жүзіңнен балғын күлкің ойнаған!
Сені бұл жұрт анашыңнан аумай қалған деседі,
Амал қанша, жыл соңынан жылдар жылжып көшеді,
Дерт меңдеген аяулы жан тым ертерек солғаны,
Әйтсе де, оның нұр бейнесін есен сақтап қалғаным
Жүрегімнің тереңінде. Өзегімді өртеді
От жанары жалын атқан. Ал, балақай, сен, тегі,
Мені жақсы көремісің? Әлде, айналып-толғанып,
Ығыр қылдым ба екем сені? Көп сүйдім бе қолға алып?
Пәк жүзіңді өртеп кеткен жоқ па менің көз жасым?
Деп отырған жоқпын саған шер-мұңымды қозғасын.
Қажеті жоқ мені соз ғып. Өзің де ұққан боларсың?
Анашыңның көңіліне қаяу салып аларсың...
Маған кәміл сен, бірақ та. Анаң сенің кей уақта,
Тәңірінің бейнесіне мінәжат қып бейуақта
Саған арнай күбір-күбір дұға оқып тұрғанда,
Жаратқанға жалбарынып, талай құлдық ұрғанда
Саусағыңды кезек қысып; ол айтқан сан есімге
Құлақ тосып, қайталаған кезің бар ма есіңде?
Әлде, ешкімге табынуды ол үйреткен жоқ па әлі?
Өңі қашып, әлдекімнің атын атап жатқанын
Ұмыттың ба? Онда, тіпті, енді есіңе алма сен,
Құр есімде тұрған не бар?Босқа әуре болма сен!
Мейлі, ол мүлде жұмбақ болып қала берсін сен үшін.
Ал, бір күні сол бір сырды ашар болсаң, тегі, шын
Есіңе алып, сапарлап қайт сонау бала күнге сен,
Ал, бірақ та, сол адамды бос жазғырып жүрме, сен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Есіңде бар ма күңгірт түн

  • 0
  • 0

Есіңде бар ма күңгірт түн,
Қоштастық біздер кештетіп.
Атылды кенет бір мылтық,
Тұрғанда біздер ес кетіп.

Толық

Романс

  • 0
  • 0

Сұм жалғанға наразы жан,
Сұмдық жала жанға батып,
Кетті аттанып ыза буған,
Сәнді Римге өзі ұнатып.

Толық

Ақын

  • 0
  • 0

Өнері күшті Рафаэль
Суретін сұлу қыздың бір
Жайнатып қолмен салды да:
Тербетіп өзін сол өнер,

Толық

Қарап көріңіз