Өлең, жыр, ақындар

Арманымдай күнгейлік сәби

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 427
Арманымдай күнгейлік сәби,
Есімде менің сол әсем қыз;
Адамға білген сұлуды тани,
Белі бұраң, төсі уыз.
Ибалы қыздың аузын ашпас
Жасқаншақ кезі жұпарсыз гүлдей,
Кей кезде бізге мінезі жақпас,
Кететін кез бар қадірін білмей.
Ант ете айтсам, мен бірақ та,
Көргенде қызды есімнен тандым.
Бұрымын жібек сипаған шақта,
Құрыды титық, күйдім де жандым,
Нәркес көзі дертпен тең оның,
Сол бір қыз үшін жаннатқа тең,
Иіліп оған кескестеп жолын,
Қия жаздадам өмірімді мен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Альбомға

  • 0
  • 0

Жоқ! Тілемен мүсіркеуді,
Қам көңілдің сандырағын.
Көптен жабық мүскін кеудем
Ашық сөзден қалды жаным.

Толық

Күн

  • 0
  • 0

Қысқы әсем күн бейне ғашық,
Жапсарынан бұлттың сұп-сұр,
Ақша қарға сәуле шашып,
Зеңгір көктен шертеді сыр.

Толық

Тасқын

  • 0
  • 0

Іңкәрға толы тұмамын,
Ғажайып және телегей;
Түбімде - күміс құм ағын,
Бетімді шалмас көлегей.

Толық

Қарап көріңіз