Өлең, жыр, ақындар

Гусар

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 325
Қырмызы қызыл қалпақты
Көңілді, сері гусарым.
Біліп қой өмір алдапты,
Бақытын өткен құр сағым.
Мұртыңды маңғаз ширатып
Сан тойды еске аласың.
Қара ойға кетпе тым батып,-
Түк емес мұрттың қарасы!
Тағдырға бұлдыр еркелеп,
Мағынасыз қызба құр текке
Ешкім жоқ деген сен керек,
Жатқан жоқ ешкім құрметтеп.
Қамшыңды көкке үйіріп
Шыққанда атпен желпінген
Тұрмас қыз жолда қиылып:
Мен ғой, - деп - мұнда келтірген"
Жел болып ұшып, желігіп
Шапқанда ессіз жауыңа
Ертеңге етер сені үміт
Тілеуқорың жоқ ауылда.
Гусарым керек неліктен
Жүрегің босап, болған ез?
Айтсаңшы қайда періштең?
Қайда жүр қайран қара көз?
Шарапқа толса бокалың
Дәрменсіз қалдың, үнің жоқ
Осынша неге оталдың,
Бұрынғы дәурен күнің жоқ!
Емес ең мұндай тым нала
Көп жүрдің, көп көрдің ғой
Тек соңғы қызбен біржола
Жүректің отын көмдің ғой.
* * *
Қараймын өкше темірге,
Атымның тескен бүйірін,
Толғантар ой кеп көңілге,
Сезімін жүрек дірілін.
Бабамыз біздің ал, шырақ,
Темірді мұндай білмеген.
Сәйгүлігін қамшылап,
Жортыпты дала, қырменен.
Ескілік деген азапты,
Ұмытып, білгір күйге ендік.
Жасауды небір ғажапты,
Шет жұрттан көріп үйрендік.
Ұрушы ек, енді бұғамыз,
Қорғаштап арқа намысын.
Қайсысын оң деп ұғамыз,
Құдайым өзі танысын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жауап

  • 0
  • 0

Кімде-кім тартып азапты,
Жасытса жастық жігерін,
Қорқыныш, үміт ләззаты
Тебірентпес оның жүрегін.

Толық

...ға

  • 0
  • 0

Имеймін бас, болмаймын қор,
Назың тәрік, күдеріңді үз:
Үстемдіктен тым дәмең зор,
Қалды көңлім біз бөтенбіз.

Толық

Қайыршы

  • 0
  • 0

Мінәжатхана алдында
Қайыршы тұрып сарнады.
Сорлыны дарқан зор-мұңға
Есіне ешкім алмады.

Толық

Қарап көріңіз