Өлең, жыр, ақындар

Өсиет

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 530
Өзіңмен жеке, бауырым,
Келеді біраз кеңескім;
Ойынша мына қауымның
Көп жасай алар емеспін!
Отырсың елге кеткелі,
Сұраса біреу... Жоқ, мені
Сұрайды дейсің қай адам,
Пенде жоқ мені аяған.
Сұраса егер бірақ та
Кім болса, мейлі, о болсын,
Кеудеге тиген бір оқтан
Тіл тартпай кетті, дегейсің.
Жаза алмай емші пәтшағар,
Отанын ойлап өлді де,
Қиды де жанын патшаға,
Сәлемін жолдап сөнді де.
Тірі ме, жоқ па ата-анам,
Білмеймін көптен оларды.
Қалады-ау қаусап қападан,
Естісе жаман хабарды.
Біреуі егер болса аман,
Дегейсің хатқа ол шабан,
Көп ойлап оны торықпа,
Кетті, де балаң жорыққа.
Көрші әйел болса - бір басқа..
Ойласам, ойбай, көп болды!..
Ол мені сұрап тұрмас та,
Айта бер бірақ өткенді,
Бүгесің одан сен несін,
Аяма қуыс кеудесін.
Байғұсың біраз жыласын..,
Әй, одан несі құрасын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

К...

  • 0
  • 0

Қауыштық қайта екеуміз,
Кетіппіз мүлде өзгеріп!
Қайырсыз жылдар - өшкен із.
Қадірін білмей көз көріп.

Толық

Түн

  • 0
  • 0

Түсімде өлген екем кәдімгідей,
Кеудеден жан босанып, тәнін білмей,
Әлемді енді шарлап кетпек еді,
Кенеттен алды билеп жанымды үрей.

Толық

Жауап

  • 0
  • 0

Кімде-кім тартып азапты,
Жасытса жастық жігерін,
Қорқыныш, үміт ләззаты
Тебірентпес оның жүрегін.

Толық

Қарап көріңіз