Өлең, жыр, ақындар

Обаға қарап ой толғап

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 400
Сар далада cap тап боп күйіп кепкен
Жалғыз оба, бір қыран биіктеткен.
Жалғыз қалсам ойға алып әр немені
Орынсыздау тартамын күйік көптен.
Ау, даламның, ақиық, сұңқар құсы —
Жоқ па бойда самғатар сұңқар күші?
Сау ма қанат, таза ма асыл тегің,
Ұшпай ма екен биікке іңкәр кісі?
Көз тасташы ғарыштан мына жерге,
Не ғып жүрген ел екен құба шөлде?
Бал татыған бұлақтан қанып ішпей,
Не іздейді даладан — шүбә неде?
Қимай ма екен тау бұған бір қиясын?
Анау қыран қай жерге ілді ұясын?
Орынсыздау десем де, ойлар — ойға,
Мөлдір моншақ тізілтіп жыр құясың.
Ойлар кейде жосылып ақ бөкендей,
Кейде сыбап тастайды, тап көке идей.
Кейде қанша тұмшалап тастасаң да
Қатты қызған лапылдар, отша сөнбей.
Оба, ол не?
Қасиет — сеніп келген?
Шоқы ма тек далаға көрік берген?
Мүмкін... тіпті бір қойшы қалай салған,
Ойлансын деп, көргендер, еріккеннен?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызыл көйлек етегін

  • 0
  • 0

Қызыл көйлек етегін
Жиектетіп ақпенен.
Сәулем қайда барасың?
Қол ұстасып жатпенен.

Толық

Ән

  • 0
  • 0

Таң да жақын, той әлі тарқамаған,
Шырқа солай, өз әнің шырқа балам.
Ән жұпарын сіңіріп манаурайды
Таң алдында анау бел — қырқа, далаң.

Толық

Қарындасқа хат

  • 0
  • 0

Орындалмай тірлікте бас талабы,
Қорғасын ой тарамай бастан әрі —
Миллионның ішінде жалғызсырап,
Жанарына ағаңның жас толады.

Толық

Қарап көріңіз