Өлең, жыр, ақындар

Аллаға арыз

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 304
Жасы алпыстан асқан, ошағында жеті жаны бар, әйелі мүгедек бір кісі, шарасызданып, Құдайды жазғырғаны.

Япырмай, не боп барады мына заманың,
Даңғылға шығар жоқ па еді, халқым, амалың.
Пақырдың түрін, жесірдің күнін көргенде,
Малынғандай ма соя емес, жасқа қаламым?
Соғыстан кейін елуге аман келіп ек,
Отырсың алпыс, нені ойлап енді еңіреп.
Не жаздық Алла, осынша қаһар төккендей,
Сиынар саған қолменен қоқыс терілед.
Қыздарым қандай, қырылған қасы, ақмаңдай,
Ажары ашық, жанарын күн ғып жаққандай.
"Көкек" боп солар ұяға бөтен қонғанда,
Өзіңді сүйер жүрекке шеге қаққандай.
Шырқайтын шақта махаббат жырын көктемде,
Орнына нұрдың жауады, осы, Көктен не?
Үміті өшіп өзіңді қарғар біреулер,
Құранды оқыр тілменен Сені сөккендер.
Шыдамның оты сөнді ме төзе беретін,
Пенде де қорқау, ашықса қабар өз етін.
Бос қуыс кеуде, іріңді жара сыздаған,
Көңіл де қара, өзгенің жанын сезетін.
Ұстаздар кетті оқытпай шәкірт, боқ тасып,
Хакімдер кетті өз мұңын ғана жоқтасып.
Тәңір деп, Құдай — табынған мынау еліңнің,
Ақ ниеттілерге ұстатшы, Алла, ноқтасын.

Сарайшық, 17.05.1999 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әбішке жұбату

  • 0
  • 0

Асыл азбас, алтынды тот баспайды,
Жақсы өлсе рухы асқақтайды.
Жасыта алмас дананы тірлік сыны,
Қыран күнге қараса қас қақпайды.

Толық

Бір уыс топырақ, бір шекім бұлт

  • 0
  • 0

Бір уыс топырақ,
Бір шекім бұлт енші алып
Кетсем бе екен
Имандылау жер шалып

Толық

Бір ән қалса

  • 0
  • 0

Жас шақта сескенбейсің дар ағаштан
Асаусың бұғалығын ала қашқан.
Көкірек әлі сазды, күйге толы,
Бір сарын орнап қалған бала жастан.

Толық

Қарап көріңіз