Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік — арманы бар қазақтың

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 618
Суарылған аталар арманына,
Сан ғасырдың жаншылған салмағына —
Өліп-өшіп, қартайып, қайта туып,
Тәуелсіздік оралды ел маңына.
Не зұлматқа аталар төзе білді,
(О, Жаратқан! Бердің бе кезек енді!).
Ержеткізші, қарындас аялашы,
Бүгін туған өбектеп, бөбегіңді.
Ол — арманның үлкені, "кәрі кісі",
Тек Алладан басқаның бәрі кіші.
Атаң осы, сәлем бер басыңды иіп,
Сәл кенжелеу туғаны — тәңір ісі.
Ол — арманы бар қазақ ары бүтін,
Ол — мақсаты, жаңғылы, жарығы түн.
Азап ұмыт, ол жолда өлген шейіт,
Артады елің тек саған бар үмітін.
Еңбек етші, жолына — Тәуелсіздік!
Байлық жина, жолына — Тәуелсіздік!
Бірақ, бәрі босына — ең алдымен,
Рухыңды алмасаң — тәуелсіз ғып!

28.02.1993 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көк бөрі

  • 0
  • 0

Ей, Көк Бөрі!
Бейнеңді ту ғып көтерген,
Бөрілік атың өтелген,
Аңызға атың айналған,

Толық

Ең бастысы "ой" деген оңдырмасым

  • 0
  • 0

Бір басымда бірнеше ғажайып бар,
Әр қайсысы ғаламат ғажайыптар.
Ең бастысы "ой" деген оңдырмасым,
Бірі мақтап, ал бірі, таза айыптар.

Толық

Бесігің ауыл

  • 0
  • 0

Бесігің ауыл екенін қор боп сезбесең,
Отаның ауыл дегенге сорлап сенбесең,
Кіндігің кесіп, арманын жесіп атанды,
Ер еткен елі ауылы деген сөзге сен.

Толық

Қарап көріңіз