Өлең, жыр, ақындар

Өткiншi жаңбырдың өлеңі

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 394
Мен өткiншi жаңбырмын,
келемiн алыс, қиырдан,
сыйым бар, әнiм, күйiм бар.
Қолдарын бұлғап шақырып,
жете алмай қалды құйыңдар
үстiнде шөлейт, жал құмның.
Мен өткiншi жаңбырмын,
келемiн көшiп теңiзден,
бұлттар қашқан сол iзбен.
Бiр тамшы суды талғақ қып
сусынын басар ел iздеп
әлi де, әлi қаңғырмын.
Мен өткiншi жаңбырмын,
«үп» еткен желге ұшпамын,
ойлаған аптап түз қамын,
бiр-екi ауыз сөзi бар,
телеграммалардай қысқамын
қайтарып сөйлер барлығын.
Мен өткiншi жаңбырмын,
жаңғырса аспан төбемде
бiр мезет мен де төмендеп,
ауа райы бюросы
күтпеген күнi келер деп
қас қылып сол күн шалқырмын.
Мен өткiншi жаңбырмын,
орманның үстiн от етiп,
аспаннан ағып өтетiн,
айтылар сөздi ақтарып,
асығыс сөйлеп кететiн
мен өткiншi жаңбырмын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайдан келдiңдер, торғайлар?

  • 0
  • 0

Қайдан келдiңдер, торғайлар?
Қайдан?
Қай жақтан?
Сендегi жүректер тоңбай ма,

Толық

Адамдар жоғалуда

  • 0
  • 0

Десем де мен:
дүние жаңаруда,
елiм, жерiм әлi де тоналуда...
Қорқынышты, сұмдығы бәрiнен де, –

Толық

Түсініксіз хал

  • 0
  • 0

Бiткен-сынды сүйенетiн тiрегiм,
қан-сөлi жоқ сұп-сұр болып реңiм
ойдан қажып,
жүйкем тозып қалжырап

Толық

Қарап көріңіз