Өлең, жыр, ақындар

Қырқыншы жылдар

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 224
Жұлып кеткен тыныштықты арнадан,
дауысы бар әлi күнге зарлаған.
Қырқыншы жылдар десе
бiр де адам
тас болса да елең етпей қалмаған.
Өттi деме сол бiр кездер ағып бiр,
кеттi деме сол бiр кездер қауiптi.
Қырқыншы жылдар отқа оранып
әлi күнге жанып тұр!
Әлi күнге қаншама адам жаралы,
әлi күнге қаншама адам қаралы.
Қырқыншы жылдар атқан қаншама оқ
денелерде бар әлi.
Қайғы кешiп қаншама адам қан құсты,
бұлт толы түнек еткен тал түстi.
Қырқыншы жылдар әлi қаншама
арқалап тұр қарғысты.
Бойымда егер үрей болса көмейiн,
арттырайын батырлықтың мерейiн.
Қырқыншы жылдар десең
көрiнер
Үңiрейген зеңбiректер көмейi.
Қатпар-қатпар мұң тұрады бетiнде,
үн тұрады құлағында өкiрген.
Қырқыншы жылдар деген –
жесiрлер,
қырқыншы жылдар деген –
жетiмдер.
Қанша қашық жатқанменен арасы,
уақыт та емдей алмас жарасын.
Қырқыншы жылдар деген, –
бiлсең сен
ең аз жылдар баласы.
Бүгiнде мен жүргенменен шалқып бiр,
дей алмассың мынау ненi тантып тұр:
«Қырқыншы»... деген сөздiң өзiнен
байқайсың ба,
оқ-дәрi иiсi аңқып тұр!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзегiмдi өртеп егер алсам да

  • 0
  • 0

Өзегiмдi өртеп егер алсам да,
айтарымды айта алмастан қалсам да,
көтерем де телефонның тұтқасын
Алматымен сөйлесемiн мен сонда.

Толық

Бір машина бұлт

  • 0
  • 0

Түсімде кілең
Аталас досым
(Сүйілшіш бабадан тараймыз),
Парталас досым

Толық

Жан-жағына алаңдап

  • 0
  • 0

Жан-жағына алаңдап
қайнап жатқан қазандай –
адасады балалар –
вокзалдар мен базарда.

Толық

Қарап көріңіз