Өлең, жыр, ақындар

Жан-жағына алаңдап

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 397
Жан-жағына алаңдап
қайнап жатқан қазандай –
адасады балалар –
вокзалдар мен базарда.
Жаутаң қағып жанарлар
түсер үрей, әлекке...
Бәйек болып адамдар
ұмтылады көмекке.
Түспесiн деп басына
қайғы-мұңның наласы,
сипап оның басынан
тауып берер анасын.
Тауып берер зыр қағып
жалғыздықты көрсетпей...
Қырқыншы жылдарым
түсер ойға сол сәтте.
Қанатынан қайырылып
төзiп күйiк-налаға
баласынан айырылып
қалған қанша аналар,
анасынан айырылып
қалған қанша балалар.
Қара шашын ақ басып,
жан-жүрегiн тiлдiрiп,
газеттерге хат жазып
iздейдi әлi бiр-бiрiн.
Соғыс зұлмат қаңғыртқан
олар мұң боп есiлер.
...Сондықтан да, сондықтан
түседi де есiңе –
мынау қатал заманның
сол бiр зары, құсасы,
бiлегiнен балаңның
берiгiрек қысасың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қаладағы қалың тұман

  • 0
  • 0

Қалың тұман –
осы ма едi күз деген.
Мұндай күндi таба алмайды iздеген.
Қалың тұман.

Толық

Махаббат

  • 0
  • 0

Сен дегенде –
Талай-талай адамдар –
Дүниеден баз кешiп
Безiп кеткен.

Толық

Нармахан Бегалы

  • 0
  • 0

Қара күштiң иесi
Қажымұқанның жерлесi,
Бегалыұлы Нармахан,
Саған тұғыр екен

Толық

Қарап көріңіз