Өлең, жыр, ақындар

Жүрудi маған жазбаған

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 289
Жүрудi маған жазбаған
тымырсық күндей тым-тырыс
Жел болып шалқып,
теңiз боп толқып қозғалам.
Жатады тұла бойымда
бұрқанған қайрат,
жүгенiн үзген жұлқыныс.
Жүрмеспiн сiрә,
жүрмеспiн ендi тыныш мен,
суырып тартып
кеудеге демдi тыныспен,
тасырлап тиген тұяқтай
жүректi бұлқып соқтырып
өтiрiк, жалғандықтарды
омыраулармын мен.
Жаңғыртып, сiлкiп қағармын
саф металдан жасалған
шындықтың қоңырауларын мен.
Жатпаспын тыныш
бөлмеге ендii қамалып,
жүрмеспiн тыныш
көтерiп қойып жағаны.
Жатса да мейлi
жанымды менiң жаралап
өсектiң осколкалары.
Шындықтың желi
шалқып бiр шалқып ескенде
жағымпаз, жалтақ пенделер
алдымды орап,
жолымды менiң кеспеңдер.
Өтiрiк, өсек, жалғанмен
бiтiмге тұрып келiсiп
тып-тыныш жүру
қылмыспен бiрдей мен үшiн.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Неге екенін білмеймін

  • 0
  • 0

Жалаңаш қолыммен
Аспанда
Шатырлап жатқан
Найзағайлардың бұтақтарын

Толық

Әурешілік

  • 0
  • 0

Бетiн жұлар қарсы келсе беттеп кiм,
Мына заман заманы ма көкбеттiң?!
Салатұғын әуре менен сарсаңға
Өнбейтiн дау, өнбейтiн сөз көп боп тұр.

Толық

Үміт пен күдік

  • 0
  • 0

Бiрi қатер, ал бiреуi игiлiк,
бiрi тербер, бiр салып қиғылық...
Үмiтiмдi өсiрiп ем гүл қылып,
күдiк-аптап жiбердi оны күйдiрiп.

Толық

Қарап көріңіз