Өлең, жыр, ақындар

Кетем алыс, қоршап менi жан-жақтан

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 373
Кетем алыс, қоршап менi жан-жақтан
басса келiп назалы мұң салмақтар.
Кетем алыс
найзағайлар сiлкiнiп
жұлдыз жауып жататұғын тау жаққа.
Қараймын деп көкке жанар талдырған,
жуынам деп ақ көбiктi жаңбырға,
жата кетем бiр беткейдi жастанып
сыз табы бар жасыл кiлем шалғынға.
Сыр қып құйып жарық,
сәуле,
жалынын,
таратам деп саз боп аққан ағынын.
жұлдыздармен,
жапырақпен, шөптермен
жалғасады бүкiл талшық, тамырым.
Бiрде шырқау,
бiрде түсiп төменге,
айналам деп ғажап сиқыр өлеңге
қара жерге, түнгi аспанға,
бұлтқа
сiңiп кетем бүкiл осы денеммен.
Сiңiп кетем тұңғиыққа батқандай,
сiңiп кетем алғаш жауған ақ қардай.
Шөптер бiткен жүрегiмдi аралап
менi тесiп өсiп шығып жатқандай.
Дiрiлдеген тоңазытып түнгi ызғар
жалт-жұлт еткен керемет бiр құндыздай,
ағып жатыр омырауымнан домалап
жұдырықтай, жұдырықтай жұлдыздар.
Аспан асты арқырап бiр кiсiнер –
от тасқынды қуат құйып күшiме,
шыға келсем найзағай боп жарқылдап
қаптап көшкен қара бұлттар iшiнен.
Қайтам сонсоң –
бiр суынып,
бiр қызған
айналам деп жұмбағы көп шың-құзға –
найзағайлы бұлттарға оранып
көкiректен сорғалатып жұлдыздар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауырған кезде

  • 0
  • 0

Отқа тастағандай
Денем күйiп барады.
Байлап қойғандай
Аяқ-қолдарым

Толық

Қызғаныш

  • 0
  • 0

Қызғаныш-ай,
бiрiсiң қасiреттiң!
Қаншама рет жанымды осып өттiң.
Мың сан түрлi шарғысы,

Толық

Мерез

  • 0
  • 0

Мына жанның
Қара темірдей сірескен
Жұлынын-ай.
Күн нұры түскенде —

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар