Өлең, жыр, ақындар

Тау соқпақтары

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 351
Жай оғын тағы атпақ боп
Бұлтты сойып, жарғанда
найзағай бiткен соқпақ боп
жондарға түсiп қалған ба......
Жармасып құзға,
жағалап,
шыңыраулы қия беттермен,
тау iшiн түгел аралап,
шатырлап тарап кеткендей.
Лақтырған жiптей шұбалып
биiктiктерден құлдилап,
сан тарау болып бұралып
жарқырап жатыр ылдида.
Көмкерiп шөппен қапталын
қалыңдар оны жұтады...
Мен үшiн таудың соқпағы –
найзағайлардың бұтағы.
Тауға бар!–
қалсаң жұтап бiр
жүрекке қаяу түстi деп,–
жүресiң иiр бұтақты
найзағайлардың үстiмен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалаңаш

  • 0
  • 0

Сөз жалаңаш, дәл қазiр,
жыр жалаңаш.
Құм жалаңаш,
сайың мен қыр жалаңаш.

Толық

Бүгінгі метамарфоза

  • 0
  • 0

Құдай-ау,
Біз қазір
Нені ұғып,
Нені білгендейміз...

Толық

Бүгінгі ертегі

  • 0
  • 0

Айдалада
Жалғыз қап –
Жабығып тұр едiм.
Өрт шалған ағаштай

Толық

Қарап көріңіз