Өлең, жыр, ақындар

Ақиқат пен Азаттық деп айқасқан

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 423
Ақиқат пен Азаттық деп айқасқан
жарқылдаған жай тастай
жер шарының әр тұсында
бүгiнде
жүрiп жатыр шындық үшiн шайқастар.
Беру керек оларға ендi сан көмек,
құлап бара жатса оларды қал демеп.
Қан төгiлiп жатыр қазiр оларда,
алдыменен – қан керек.
Кiм мұндайда қалар дейсiң тартынып,
жетесiң ғой,
жетесiң ғой алқынып.
Жiбересiң құтыменен қаныңды
қызыл Крест арқылы.
Аман болсын барлық елiм, бар жерiм
Осы ойменен өзiмдi мен сан жедiм.
Кеткен алыс сол құтылар iшiнде
қызыл қаным бар менiң.
Жоямын деп құлдық пенен азапты,
ап берем деп өз халқыма азаттық
оқ тигенде қансыраған жiгiтке
құйсын қанын қазақтың.
Менiң қаным –
дей алмаймын сабырлы –
алаулаған от сияқты жалынды.
Құй, дәрiгер,
тамырына жiгiттiң
Махамбеттiң жыры мен
жусан исi сiңген менiң қанымды.
Болсын мейлi ол ақ, сары да, қара да, –
нәсiлiне қарама!
Қаным менiң, тау өзендей бұрқырап
күрескердiң тамырларын арала!
Құртасың да күдiк сұмның елесiн,
керек болса тағы да қан бересiң.
Менiң қаным,
сенiң қаның,
қанымыз
аралап жүр азаттықтың денесiн.
Қанымда бар серттiлiгi жан достың,
қанымда бар өткiрлiгi алмастың.
Мен бүгiнде азаттықтың жолында
басын тiккен адамдардың бәрiмен
туысқанмын, қандаспын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құдайдың ұрғаны-ай!

  • 0
  • 0

«Ешкiнi апа,
Текенi жезде» дегiзген
Замандар болған.
Қоңыздай тоңқаңдап,

Толық

Жусан

  • 0
  • 0

Оранған боз сағымға
көкiрегiм құм шағыл –
өзегiмде,
жанымда

Толық

Қалаларды сынақтан өткізу

  • 0
  • 0

Тау қойнауы,
тықылдап балға тынар.
Жүк шешiлiп сымдар да тарқатылар.
Көшiп келген бұл жерге машинамен

Толық

Қарап көріңіз