Өлең, жыр, ақындар

Фотоаппарат алдындағы бала

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 401
Бiр отырып, бiр тұрып,
асыр салып алқынған,
жүрдi балам жарқылдап,
томпаң қағып жүгiрiп
фотоаппарат алдында!
Теңiз,
ағаш,
құм,
құсың –
оған бәрi жаңалық!
Әрбiр қадам, күлкiсiн
қалт жiбермей тұрды ендi
фотоаппарат қадалып.
Барын айтып ақтарып,
жаралғандай от күннен,
қолын жайып шаттанып,
қатар тұрып суретке
түстi бiрге аққумен.
Жарқ-жұрқ етiп жүр қайнап,
құйттай жалын тәрiздi.
Жүрген кезде түстi ендi
асыр салып, бiрге ойнап,
толқынымен теңiздiң.
Әрбiр жүрiс, тұрысын
фотоаппарат тұрды аулап...
табиғатқа еркелеп,
жатты ендi ол құмға аунап,
Тұра келер күлiмдеп,
қайтадан ол «уралап»...
Қалт жiбермей бiрiн де
фотоаппарат қадалар
сыңар көзбен сығалап.
Кенет жанып өртендiм
бiр күдiктен қозданған –
әлемде әлi сұп-суық
қарауылға ап Ертеңдi
сығалаған көздер бар.
Сол суық көз қараңғы
шүрiппесiн қайырып,
тастамақшы баламды
жерден,
толқын,
аққудан,
күлкiсiнен айырып.
Атып тұрып бiр кезде
бәйек болып ұшамын...
Қорғағандай сол суық
сығалаған сұм көзден
ойнап жүрген баламды
бауырыма қысамын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алматының ағаштары

  • 0
  • 0

Жел ашылса –
бiр-бiрiмен таласқан,
жел басылса –
бiр-бiрiмен жарасқан –

Толық

Маған не iстемедi, маған не жасамады?

  • 0
  • 0

Маған не iстемедi?!
Маған не жасамады?!
Тiлiмдi
Ұлтарақ қып кестi.

Толық

Қайырымдылық

  • 0
  • 0

Ол келсе егер –
түн iшiнде таң атар,
таң атқызып жарығын ол таратар.
Сонда, сонда ең бiр асыл ақ жүрек,

Толық

Қарап көріңіз