Өлең, жыр, ақындар

Осынау өмiр, жалғанда

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 218
Осынау өмiр, жалғанда
азайсын деймiз бүлiктер.
Көбейсiн деймiз Армандар,
көбейсiн деймiз Үмiттер!
Көбейсiн деймiз каналдар,
көбейсiн деймiз алаңдар,
көбейсiн деймiз адамдар.
Қөбейсiн деймiз,
көбейсiн! –
Осы ойды мәңгi ақсатпа:
бар жағың толып жақсы атқа,
көбейсiн ұлы мақсат та!
Жоқ болып мүлде қарғыстар,
көбейсiн деймiз алғыстар.
Көбейсiн деймiз,
көбейсiн!
азайып кеткен аң-құстар.
Жойылып мүлде жамандық,
жойылып мүлде арамдық,
көбейсiн деймiз,
көбейсiн!
Жақсылық пенен Адалдық.
Осы оймен мәңгi жасаймын,
осы ойды мәңгi қашаймын!..
Қарашы
әне, бейне бiр
символы құсап осы ойдың.—
алыстан асқақ көрiнген,
шаншылып биiк көгiмде
Көп қатарлы үйлер тұр
көбейту кестелерiндей.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тозақты қазақ көп көрдi

  • 0
  • 0

Тозақты қазақ көп көрдi.
Бастарынан
Зұлматтан
Зұлмат өткердi.

Толық

Мереке Құлекенов

  • 0
  • 0

Бiлемiн, Хақ тағала сүйенiшiң!
Сонда да өртенедi, күйедi iшiң, –
Өйткенi Бөкен бидiң ұрпағысың,
Өйткенi Махамбеттiң жиенiсiң.

Толық

Экологиялық өлең

  • 0
  • 0

Майлы тоқ iшектей
Толып ағатын өзендерiм
Арық қойдың
Аш iшегiндей шұбатылып

Толық

Қарап көріңіз