Өлең, жыр, ақындар

Өсек

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 319
Әне жерден жылт етiп,
мына жерден жылт етiп,
әне жерден бұрқ етiп,
мына жерден бұрқ етiп.
Әне жерден сыр тартып,
мына жерден сыр тартып.
әне жердi бiр шарпып,
мына жердi бiр шарпып
өсек шiркiн жетедi.
Өсек шiркiн жетедi –
көлбең қағып етегi,
сумаң-сумаң етедi.
Құлағы мен көздерiн
қатар қадап тосады,
бiр ауылдың сөздерiн
бiр ауылға қосады.
Түймедей боп сезгенiн
түйе қылып өткiзiп,
бiр қаланың сөздерiн
бiр қалаға жеткiзiп;
ар намысты жандырып,
лай етiп тұнықты,
өсек бара жатады
жүрген жерiн шаң қылып,
жүрген жерiн бүлiк қып!
Ми шаршатып мезi еттi,
құрысыншы, құрысын!
Бұл өсек пе,
өсектiң
құлағы үлкен,
тiлi ұзын.
Шығарудың орнына
оның быт-шыт талқанын
өсек десе қалтырап
ал бiреулер қорқады...
Мiне, тағы, тағы да
қараңғы етiп жарықты,
отырып ап алдыңа
сумаң қағып соғып тұр.
Қоймасаңшы тасынтып, –
өтiнемiн, өтiнем...
Көтерiп ап басыңды
түкiрсеңшi бетiне!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Торығу

  • 0
  • 0

Қыздарымның
Аярлығын көрген
Қос көзiм
Неге ағып кетпей тұр?!

Толық

Жүр едiм мен тыныстап

  • 0
  • 0

Жүр едiм мен тыныстап
iштен өлең құраған...
Қараңғы бiр бұрыштан
әйел көрдiм жылаған.

Толық

Алаяқ

  • 0
  • 0

Мұңайып сөйлесең –
Өмiрден тәшпiш көрiп! –
Жүрегiңнен
Қан сорғалап тұрғандай.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар