Өлең, жыр, ақындар

Бейтанысқа

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 203
Өте алмастан қалған жандай кермеден
қалш-қалш етiп қолын сiлкiп сермеген
күйiп-пiсiп бұлқан-талқан боп тұрған
бейтаныс жан,
ашулысың сен неге?
Екеумiзге бiрдей ортақ аспаным,
өзен,
көлiм,
жерiм,
тiптi тастарым...
Жөн айтып ем,
одан сайын бүлiнiп –
түсiнбедiм –
беттен алып тастадың.
Түтiп қана жiберердей түрге ендiң,
маған қарай ызаланып түргелдiң.
Ұят қайда,
азаматтық ар қайда?
перзентi емеспiз бе бiр елдiң,
перзентi емеспiз бе бiр жердiң?!
Жылмаң қағып,
жылпылдап тұр демеспiн
дегенменен құлы болма егестiң.
Бейтаныссың,
бейтаныссың сен маған
бiрақ бөтен емессiң.
Ашу, ыза,
былапыт сөз құрысын!
Егер де бiз жөн сұрассақ ұғысып
боп шығасың сөзсiз сен
танысымның танысының танысы,
туысымның туысының туысы!
Бiр күн бiз де сөнермiз де, тынармыз,
неге бiздер жанжал, ұрысқа құмармыз.
Бәрiн тастап жөн сұрассақ
бiз бәлкiм
рухани ағайын боп шығармыз.
Өршiтiп мен алам ба деп сәл жерден
қазiр саған батпай тұрмын қой деуге.
Бейтаныс деп ұрысқаныңа көнейiн
өтiнемiн,
бөтен адам дей көрме.
Сенен маған жарық түссе –
сөнбейдi.
Ұғып ал сен,
жөн емес де, жөн мейлi –
болсам да мен адамдарға бейтаныс,
ешуақытта бөтен болғым келмейдi!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күзгі жел және ағаштар

  • 0
  • 0

Күзгі қара жел
Үйіре ұйтқытып
Оңын да, солын да
Бұрқырап соғуда.

Толық

Көктайғақ

  • 0
  • 0

Жердің үсті
Шыны қаптағандай
Көкпеңбек.
Аяз қысып тұрса да —

Толық

Әрі түсінікті, әрі түсініксіз көрініс

  • 0
  • 0

Әне бір жан
Қапаға батып,
Биік құздың
Басына шығып

Толық

Қарап көріңіз