Өлең, жыр, ақындар

Сауал

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 237
Әлдене айтып,
жеңнен тартып жұлқылап,
жол үстiнде бүлiк салып,
шырқырап,
әлi есi жоқ кiп-кiшкентай бiр тентек
көнбей тұрды мамасының ырқына.
Шатақ сап тұр,
бүлiнiп кеп жылаған
жылап тұрып әлдененi сұраған.
Мамасы тұр көндiре алмай ырқына
не болса да бәрiне де шыдаған.
Бұл тентектiң жылағаны жай ма едi?!
Бұл тентектiң сұрағаны ай ма едi?!
Ал мамасы нұсқап тұрып мен жақты:
— Аға сенi алып кетед, қой,— дедi.
«Аға сенi алып кетед»,— дегенде
бiр сiлкiнiс болып өттi денемде.
«Аға сенi алып кетед»,— дегенде
найзағай от жарқ-жұрқ еттi төбемде.
«...алып кетед»
өне бойым қарысып,
санамнан сан ойлар өттi жарысып.
Сол бiр сөзден жылағанын кiлт үзiп
қалды тентек мамасына жабысып.
Кiлт үзiлдi әлдене бiр сынғандай.
Кiлт үзiлдi, сиқыр едi бұл қандай?
Жылағанын қоя койды,
алдында
адам емес, құбыжық бiр тұрғандай.
Уақыттан,
осы өмiрден жаралған
бұл сауалға жауапты мен таба алман:
неге бiздер,
неге бiздер адамды
тумай жатып қорқытамыз адамнан?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мінез

  • 0
  • 0

Осы бір қарттың
Шар болаттай берік
Сүйегі асыл еді.
Сөздері

Толық

Грамматикалық жіктеу

  • 0
  • 0

Айтар кезде жалынменен, отпенен,
айтар кезде Ақиқатты ақберен, –
сөйлей алман мен үшiншi жақпенен,
сөйлей алман мен екiншi жақпенен,

Толық

Неге екенін білмеймін

  • 0
  • 0

Жалаңаш қолыммен
Аспанда
Шатырлап жатқан
Найзағайлардың бұтақтарын

Толық

Қарап көріңіз