Өлең, жыр, ақындар

Грамматикалық жіктеу

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 445
Айтар кезде жалынменен, отпенен,
айтар кезде Ақиқатты ақберен, –
сөйлей алман мен үшiншi жақпенен,
сөйлей алман мен екiншi жақпенен,
сөйлеймiн мен тек бiрiншi жақпенен.
Бетiн жыртып зұлымдықтың,
сұмдықтың,
қорғаны боп қалам десең мұңлықтың
айту керек –
тек бiрiншi жақпенен! –
ақиқатты,
шындықты.
Жiк-жiк болып, бөлiнсең-ақ бiтпейдi iс!
Осыны сен түсiнiп ал,
ұқ деймiз.
Сөйте тұра кейбiр кезде бiрiкпей
мен,
сен,
ол деп неге жiктеймiз?!
Болмаса да айыбымыз, күнәмiз,
неге ғана iштен ғана тынамыз,
Сөйлер кезде қара қылды қақ жарып
сен айтшы деп,
ол айтсын деп тұрамыз.
Орынына қойып берер тiрлiктi
оңашада жұрттың бәрi кiл мықты...
Кенет бiздiң алдымызға ар келiп
деген кезде:
кiм айта алар шындықты? –
Елеместен қауiп-қатер ызғарын
жүрек ысып,
жүз өртенiп,
жүз жанып, –
мен егер де атып тұрып «мен» десем,
сен егер де атып тұрып «мен» десең,
ол егер де атып тұрып «мен» десе –
шықпаймыз ба тас түйiндi «бiз» болып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алдар көсе

  • 0
  • 0

Бағытқа сап мың түрлi,
айқын жолын сағым ғып,
адастырды жұртымды
сұмдығы көп залымдық.

Толық

Апаларым Дәмеш пен Ұлпашқа

  • 0
  • 0

Біріңді бірің
Жетелегендей болып,
Біріңнен соң бірің
Кетіп қалғандарың-ай!

Толық

Бүгінгі ауыл

  • 0
  • 0

Ауылым-ай!
Ауылы қазағымның!
Көрiп сенiң түрiңдi назалымын.
Жатырсың ғой арқалап сен бүгiнде

Толық

Қарап көріңіз