Өлең, жыр, ақындар

Аңыз

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 346
Кең даламды кемiтiп
дедiң-ау сен: құла түз.
Тыңдатқызар елiтiп
құла түзде тұнып тұр
аңыз, аңыз, мың аңыз.
Сан оқиға алмасып
жүрегiңдi өртеген,
аңыздардың ордасы
әр бiр сай мен әр төбем.
Құшақтасқан қос талды
көрсең егер алыстан, –
айтқан мұңлы дастанды
екi ғашық боп шығар
«О дүниеде» табысқан.
Шығып үйдiң төрiне
тыңдай бер тек жата қап
аңыз болып төгiлер,
қапы кеткен ерлер мен
жапа шеккен махаббат.
Кезiккен бiр қазақтың
шыға келер, сұрасаң,
арғы атасы ақын боп;
кезiккен бiр қазақтың
шыға келер, сұрасаң,
арғы атасы батыр боп;
кезiккен бiр қазақтың
шыға келер, сұрасаң,
арғы атасы шешен боп;
кезiккен бiр қазақтың
шыға келер, сұрасаң,
арғы атасы көсем боп.
Анасынан сұраңыз,
баласынан сұраңыз,
бабасынан сұраңыз
шегi де жоқ, шетi жоқ
аңыз, аңыз, мың аңыз.
Жүрегiме қашалған
солардан мен жарықпын.
Аңызы көп қашаннан
арманы көп халықтың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әрі-сәрі шақ

  • 0
  • 0

Ысып,
қайта тоңдық бiз.
Қоя бердiк,
тап берiп.

Толық

Маған не iстемедi, маған не жасамады?

  • 0
  • 0

Маған не iстемедi?!
Маған не жасамады?!
Тiлiмдi
Ұлтарақ қып кестi.

Толық

Хал

  • 0
  • 0

Білмедім:
Кім ұтылып,
Кім ұтуда?
Білгенім:

Толық

Қарап көріңіз