Өлең, жыр, ақындар

Мешкейлер жарысы

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 415
Бiрiн бiрi қайрасқан
есiк алды топ-тобыр...
Төр үстiне жайғасқан
үйдей болып екi обыр.
Танаулары шелектей,
ерiндерi көнектей,
алдына сап өңгерген
қарындары сенектей!
Бiр-бiрiне қарап ап
үнсiз тынып жұрт отыр.
төр алдында алапат
екi қара бұлт отыр.
Жалмауыздық бұл қандай!
Мешкейлiк бұл не деген!
Жаңбыр жауып тұрғандай
тер шүмектеп денеден.
Қос қолымен сыпырып
өңешiне қылғытқан –
жоқ болады жұтылып
бiлем-бiлем құйрықтар.
Жұтып жатыр алқалап
бiрте-бiрте ауырлап.
Алдындағы табаққа
тер ағады сауылдап.
Уақыт жоқ тiптi ендi
сүртуге де беттерiн,
әп-сәтiнде бiттi ендi
табақ-табақ еттерiң.
Кеткеннен соң табақты ап
бiр-бiрiмен арбасып,
жоқ еттi ендi сораптап
қос қазанның сорпасын.
Көрсетсем де iрiлiк
кеткендей-ақ өштерi,
iшiп жатты сiмiрiп
қымызды ендi местегi.
Тер шұбырып самайдан
әй келiп бiр жарысты, –
тiрi тұрсам қалай да
бермеймiн деп намысты.
Демедi ешкiм: жетедi!
Тоқтатпады жабылып.
...Өлiп кеттi екеуi
екi жерде жарылып..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сені сағынғанда

  • 0
  • 0

Жүрмiн қазiр сенсiз мен азар мұнда!
Қызығым жоқ бұл өмiр-базардың да.
Жыласам да,
күлсем де,

Толық

Өртеніп жатқан дала

  • 0
  • 0

Қалғандай бейне тоналып,
жүрегiм менiң жаралы –
Көрдiм мен отқа оранып
өртенiп жатқан даланы.

Толық

2-ші топтағы мүгедек

  • 0
  • 0

Ол үшiн үлкен күш:
отыру жүрелеп,
кету де түрегеп.
Он тоғыз жастағы жап-жас қыз

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар