Өлең, жыр, ақындар

Күз де жеттi мимырт жаздың шырқын ап

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 380
Күз де жеттi мимырт жаздың шырқын ап,
бұлт шығарып,
жел көтерiп,
жұлқылап –
кеудесiнен нанның иiсi аңқыған,
денесiнен жапырағы бұрқырап.
Алтын Күз-ай,
неткен қызық дәурен ең
өттiң-дағы мизам тартқан кермеден
жасап алдың жарқ-жұрқ еткен орақтар
найзағайдан,
нұр мен шапақ,
сәуледен!
Сенiң үнiң,
сенiң даусың бар маңда,
көрген мұны,
көрмеген де арманда.
Бердiң сонсоң орағыңды таратып
әр бiр қыстақ,
әр бiр ауыл,
ауданға!
Жаны кiрдi тыныш жатқан алаптың.
...Мизам шуақ тау сауырын жалап тұр...
Жатты сонсоң бүкiл далам үстiнде
дауысы естiлiп өзiң тартқан орақтың.
Жыр тыңдадым – сол орақтың үнiнен,
жатыр алқап майы шығып түгiнен.
Кең даламды астықпенен теңселген
ордың, ордың –
күнiмен де, түнiмен!
Кiдiрместен,
күн салмастан араға
сонан кейiн келiп кiрдiң қалаға...
Бар айнала судырлаған суылдап
көйлек киiп алыпты ғой сары ала!
Әрбiр сыбыс,
әрбiр үннен жыр күтiп,
әрбiр демнен, әрбiр лептен сыр күтiп
жүрдiң сонсоң бұтағынан ағаштың
дiр-дiр еткен жапырақтарды үркiтiп.
Араладың iшiн-сыртын қаланың,
араладың көшелерiн, алаңын,
араладың,
араладың армансыз
иығыңда жалт-жұлт етiп орағың.
Әлденеге мәз боп егер көп күлсем
дәл төбеме жапырақтарды төктiң сен...
Гүлзарларда ақ масағы құйылған
фонтандарды орып алып кеттiң сен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Теледидар алдындағы мылқау

  • 0
  • 0

Мылқау отыр. Қабағы оның тас түйiн.
Сәл қозғалса қос жанары жас құйып
кетердей-ақ,
қадалады алқынып,

Толық

Панасыз үміт

  • 0
  • 0

Кiмдер қалай десе де
сiз де күйiп,
жанасыз.
...Дәл бүгiн мен көшеде

Толық

Жел

  • 0
  • 0

Шалғыдай өткір
Мына бір жел
Ызбарлы жүзімен
Кетердей орып бір...

Толық

Қарап көріңіз