Өлең, жыр, ақындар

Жел

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 506
Шалғыдай өткір
Мына бір жел
Ызбарлы жүзімен
Кетердей орып бір...
Бірде теріскей,
Бірде батыстан
Толассыз соғып тұр.
Метеорологтарға да
Белгісіз —
Бұл желдің
Шыққан тегі мен
Анық дерегі.
Әйтеуір күн сайын
Өте қатерлі
Бір циклон соңынан
Бір циклон
Алып келеді.
Дала мен тауларым
Шаңға көміліп
Жұтылып барады.
Ормандарымның
Шаштарын жұлып,
Өзен-көлдерімнің
Беттерін тырнап
Күн өткен сайын
Құтырып барады...
Дүние
Бұйығып алыпты
Басын көтермей!
Осы бір жел
Онсыз да айра-жайра
Алып Қазақстанның —
Етегін көтеріп! –
Ұятты бір жерін
Ашып кетердей...
Қалай қымтасам екен?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрудi маған жазбаған

  • 0
  • 0

Жүрудi маған жазбаған
тымырсық күндей тым-тырыс
Жел болып шалқып,
теңiз боп толқып қозғалам.

Толық

Затаевич

  • 0
  • 0

Қарамастан желiне де заманның,
шарлап кезiп тау мен тасын даламның
арып-ашып,
шаршап-талып шалдығып

Толық

Дүние не боп барады?

  • 0
  • 0

Менiң осы жерiме
Ойсылқара бабамыз
Қасиетiн арттырып
Қара нарын шөктiрген;

Толық

Қарап көріңіз