Өлең, жыр, ақындар

Тартыс

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 225
Көкiрекке босқа күдiк кiргiзбе! –
десем-дағы: әуен менен үндi iзде,
бiреу менi түнге қарай сүйрелеп,
бiреу менi ап шығады күндiзге.
Отырғанда алақұйын шабыт кеп,
ғажайып бiр ақ әлемге барып кеп, –
бiреу маған пышақ ала ұмтылып,
бiреу оны жiбередi қағып кеп.
Бұл өмiрдiң тепкiсiне көнсек те,
бөле алмаймын өзiмдi мен бөлшекке.
Бiреу маған күйе жағып қап-қара,
бiреу оны тазартады сол сәтте.
Күдiк кiрiп, ұя салып кеудеге,
түсiремiн өзiмдi мен әуреге.
Бiреу менi жығып кетiп балшыққа,
бiреу менi шомылдырар сәулеге.
Бiрде босап, бiрде жанды қуырып,
отырамын жанып, қайта суынып.
Бiреу менi отқа салып жiберiп,
бiреу менi оттан алды суырып.
Кейде адамның құлағандай тiреуi,
желге ұшады батасы мен тiлеуi...
Бiреу менi жерге көмiп тiрiдей,
жанталасып аршып алды бiреуi!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тоналған орман

  • 0
  • 0

Тағы, мiне, жаным менiң сұрапыл.
Тағы, мiне, сынған-сынды мұратым...
Дәл осы бiр,
дәл осы бiр аңғарда

Толық

Бүгінгі психология

  • 0
  • 0

Олай деймін,
Бұлай деймін, –
Өзімді кіл алдаймын.
Апыр-ай! –

Толық

Соңыма түскен бұлт

  • 0
  • 0

Өгем тауының басында
Құрттап кеткен
Қар көрдім.
Сол бір

Толық

Қарап көріңіз